Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас маманы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің ШҚ облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Б блогы
Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті
Шығыс Қазақстан облысы
100000 - 200000
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
|
Функционалдық міндеттер: - Жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың сұратуы бойынша ақпарат дайындау, Департаменттің және ББҚЛБ қызметін қамтамасыз етудің жедел және ағымдағы мәселелері бойынша хаттардың, жоспарлардың, бұйрықтардың жобаларын әзірлеуге қатысу; |
|
- Облыстың білім беру ұйымдарының қызметін білім беру және білім беру қызметін лицензиялау саласындағы заңнама талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылау талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылау; |
|
- Білім беру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиялар және(немесе) лицензияларға қосымшалар беру үшін ұсынылған заңды тұлғалардың құжаттамасын қарау жөніндегі жұмысқа қатысу; - Қағидаларға сәйкес "ХҚКО ЫАЖ" ақпараттық жүйесінде мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерінің есептілігі үшін жұмыс жүргізу; - «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде жұмыс жүргізуге жауапты, білім беру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар беру үшін ұсынылған заңды тұлғалардың құжаттамасын қарау, оларды қайта ресімдеу, айырбастау және басқа да қызмет түрлері бойынша рәсімдерді жүзеге асыру; - «Е-қызмет» («Е-қызмет» ИАЖ), «тексеру субъектілерінің (объектілерінің) бірыңғай тізілімінде» (ЕРСОП), «Әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілімінде» (ЕРАП), «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде, «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесінде, документологте тиісті жұмысты жүзеге асыру; - Лицензиялау мәселелері бойынша заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерінің, оларды қарау нәтижелерін беру мерзімдерінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету, лицензиялық комиссия отырыстары бойынша хаттаманы уақтылы және сапалы жасау; - Департаменттің тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын қалыптастыруға, келісуге ұсынуға және бекітуге қатысу; - Департаменттің Мемлекеттік сатып алу рәсімдері шеңберінде, оның ішінде Мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер, толықтырулар енгізу бойынша талап етілетін құжаттарды әзірлеу, оны мемлекеттік сатып алу веб- порталында уақтылы орналастыруды қамтамасыз ету; |
|
|
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабында көзделген жағдайларда, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілдерімен, баға ұсыныстарын сұрату бойынша, бір көзден сатып алу, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларын қолданбай Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін іске асыру тәртібін, мерзімдерін қатаң сақтау;
- Департаментте мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу бойынша материалдарды дайындау (бұйрықтар, шақыру хаттар, веб-порталдағы хабарландырулар, конкурстық құжаттамалар, Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің хаттамалары және т. б.);
- Баға ұсыныстарын сұрату, конкурс, аукцион тәсілімен, бір көзден мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолданбай рәсімдерді жүзеге асыру;
- Өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары негізінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жобаларын дайындау;
- Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өнім берушілердің өздерінің шарттық міндеттемелерін орындау барысына үздіксіз бақылауды жүзеге асыру;
- Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талап-арыз жұмысына қатысу, сот талқылаулары үшін құжаттар мен материалдарды дайындау, сот процестеріне қатысу;
- Қаражаттың дұрыс және тиімді жұмсалуы бойынша жұмысты жүргізу, материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету;
-Материалдық құндылықтарға, активтерге түгендеу жүргізу, есепке алудағы түгендеу нәтижелерін уақтылы және дұрыс көрсету, активтерді, арзан және тез тозатын заттарды, материалдық құндылықтарды есепке алуды жүргізу; түгендеу жүргізуге тікелей қатысу;
- ББҚЛБ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тоқсандық және жылдық есепті жасау және тапсыру;
- Департамент қызметкерлеріне жалақыны, тартылатын сарапшылар іссапар және өзге де шығыстарды дұрыс және уақтылы есептеуді қамтамасыз ету;
- Кадр қызметі бойынша жұмыс жүргізу, персоналмен жұмысты ұйымдастыру саласында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
- Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған органдардың, Департамент басшысының тапсырмаларын уақтылы орындауды қамтамасыз ету;
- Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық анықтамалар мен материалдарды дайындауға қатысу;
- Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптарды қарау және дайындау бойынша жұмысқа қатысу, олар бойынша жауап жобаларын дайындау;
- Департамент басшысының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру. Азаматтарды қабылдау хаттамасын жүргізу;
- Құжат айналымының жұмысын ұйымдастыру, кіріс және шығыс құжаттаманы, ақпараттың уақтылы жіберілуін, мемлекеттік органдардың сауалдарына жауаптарды, хаттарын, азаматтардың өтініштеріне жауаптарды бақылау;
- Департамент қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету, қолданыстағы заңнамада көзделмеген іс-әрекеттерді жасаудан бас тарту;
- Мемлекеттік қызмет көрсету ережелері талаптарының сақталуын, өзінің функционалдық міндеттерін іске асыру кезінде әкімшілік рәсімдердің сақталуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
- Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, оларға жол бермеу және оларды жою жөнінде, оның ішінде орындалуы міндетті нұсқамаларды тиісті білім беру мекемелеріне, білім беру қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға жіберу арқылы шаралар қабылдау, нұсқамалардың орындалуын бақылау;
- Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптар бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолдану, оларды қозғау және сот органдарына беру, сот процестеріне қатысу;
- Білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестердің отырыстарына байқаушы ретінде қатысу;
- Педагогтердің ҰБТ өткізу кезінде байқаушылар ретінде қатысу;
- Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізу (құрылыс, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және жарақтандыру);
- Білім беруді басқару органдарында педагогтердің кәсіптік қызметін қамтамасыз ету бойынша мониторинг (талдау) жүргізу;
- Апатты және үш ауысымды мектептерге мониторинг жүргізу;
- Облыс педагогтеріне ай сайын жалақы, қосымша ақы төлеуге мониторинг жүргізу;
- Департамент басшысының өзге де тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
dokso_vko@mail.kz
- 05.12.2023
- ШҚО, Өскемен қаласы Крылов көшесі,80 Әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін
-
8 /7232/616535