ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы бақылау басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті
Астана қаласы
154141 - 208294
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Педагогика және психология
- Тілдер және әдебиет
- Құқық
- Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
- Білім (білім саласы)
- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
- Педагогика және психология
- Бастапқы әскери дайындық
- Дефектология
- Музыкалық білім
- Бейнелеу өнері және сызу
- Дене шынықтыру және спорт
- Математика
- Физика
- Информатика
- Химия
- Биология
- Тарих
- Құқық және экономика негіздері
- География
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Кәсіптік оқыту
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Әлеуметтану
- Психология
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
- Жерге орналастыру
- Қаржы
Қосымша талаптар
«Құқық» (Құқықтану, Халықаралық құқық) немесе «Білім» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» (Тарих, Аударма ісі, Халықаралық қатынастар) немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (Әлеуметтану, Психология, Қаржы) немесе «Жаратылыстану ғылымдары» (Математика, Информатика, Физика, Химия, Биология) немесе «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы) немесе «Қызмет көрсету» (Жерге орналастыру) мамандықтарының топтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
С-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Функционалды міндеттер
Басқарманы басқару, басқарманың қызметін ұйымдастыру және жоспарлау; қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар талаптарын сақтауын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жұмыстарының жай-күйіне дербес жауапты болу, басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) нормаларының сақталуын бақылау; бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің тізімін дайындау және ҚР Бас Прокуратурасы ҚСжАЕК-ке оны жолдау; білім беру ұйымдарымен Қазақстан Республикасының білім саласында және лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау шараларын жоспарлау; білім беру ұйымдарын мемлекеттік бақылаудың әдістері мен механизмін талдау және жетілдіру туралы ұсыныстар дайындау; басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі жұмысты жоспарлау; жетекшілік ететін мәселелер бойынша нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу; әкімшілік іс қозғалған жағдайларда әкімшілік процессуалдық заңнамалардың сақталуын бақылау және құқық бұзушыларды жауапкершілікке тарту; әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру; білім беру саласындағы заңнама бұзушылықтарын жою жөнінде нұсқаманы беру; басқарма қызметкерлері өткізген білім беру ұйымдарының мемлекеттік бақылау шараларының материалдарын бақылау және талдау; әкімшілік істерді соттарға дайындап жіберу; сот процестеріне қатысу; білім саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесін жүзеге асыру және жетілдіру мәселелері бойынша аумақтық органдармен өзара әрекеттесу; Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік пен Комитет басшылығының актілері мен тапсырмаларының, Министрлік пен Комитеттің жыл сайынғы іс-әрекет жоспарының тармақтарын белгіленген мерзімде және толық көлемде орындалуына бақылауды жүзеге асыру; басқарманың құзыреті шегінде негізгі бағыттары бойынша талдамалық және ақпараттық материалдарды даярлау; басқарманың құзыреті шегінде ҚР білім және ғылымды бақылау саласындағы стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстар қалыптастыруға қатысу және стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалық құжаттардың орындалуы туралы ақпарат дайындау; білім беру ұйымдарында бақылау өткізудің халықаралық тәжірибесін іс жүзінде қолдану және талдау; басқарма қызметі бағыттары бойынша талдамалық және ақпараттық материалдарды, қазіргі жағдайы бойынша есептері мен даму перспективалары жөнінде есептерді дайындауға жеке жауапты болады; Басқарма құзыреті шегінде статистикалық есептілік мәселелерін қолдау бойынша аумақтық органдардың қызметін үйлестіру; басқарманың құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан түскен өтініштерге жауап (материалдар) дайындау; басқармада еңбек және орындаушылық тәртіпті қамтамасыз ету; құзыреті шегінде өзге де жұмыстарды орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 17.03.2020
- 010000, Нұр-Султан қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс, №828 каб.
-
анықтама телефоны: 74-22-50. 74-21-14