Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы
Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті
Шымкент қаласы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Педагогика және психология
- Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
- Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
- Өнер
- Тілдер және әдебиет
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Құқық
- Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
- Биологиялық және сабақтас ғылымдар
- Математика және статистика
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
- Білім (білім саласы)
Қосымша талаптар
жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық және экономика негіздері, кәсіптік оқыту, менеджмент, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі Қазақ тілі мен әдебиеті, тоқыма емес тоқыма материалдар өндірісі, экономика және жоспарлау, тарих, халықаралық құқық, физика, математика, орыс тілі және әдебиеті, қалалық құрылыс, саясаттану, су көлігінің экономикасы және оны ұйымдастыру, бастапқы оқыту педагогикасы мен әдістемесі, психология, құқықтану, информатика, география, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, педагогика және психология, алғашқы әскери дайындық, дефектология, музыкалық білім, бейнелеу өнері және сызу, дене шынықтыру және спорт, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде оқытпайтын, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, химия, өсімдіктану, әлеуметтану, шет тілі: екі шет тілі, педагогикалық өлшемдер, дене дайындығы, қазақ филологиясы, персоналды басқару, білім (бейнелеу өнері және сызу), білім (орыс тілі және әдебиеті), білім (Қазақ тілі және әдебиеті), мемлекеттік және жергілік басқару, құқықтану (Құқықтану), тарих, құқық және экономика негіздері мұғалімі, тәрбие жұмысын ұйымдастыру (деңгей бойынша)
Функционалды міндеттер
- Жергілікті басқару органдарының Департамент құзырлығына жататын бақылау функцияларының қызметін іске асыру;
- Білім беру ұйымдарында, меншік түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамалары мен құқықтық актілерінің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүргізу;
- Бақылау және тексеру шараларының қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық баптар бойынша әкімшілік шара қолдану, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес білім беру саласының құзыретіне жататын іс қозғау және сот органдарына жолдау, сот процесстеріне қатысу;
- Өз құзыреті аясында Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімінде жою туралы нұсқаманы ұсыну;
- Әкімшілік іс-тәжірибе бойынша жұмыстар жүргізу, сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша мәліметтер базасын құру;
- Білім беру ұйымдарындағы жүргізілген тексерулер және профилактикалық бақылаудың есеп санын үнемі және үздіксіз жүргізу, сонымен қатар тексеру парағына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік шараларды жүргізу;
- бару арқылы және бармай профилактикалық бақылауды, тексеруді жүргізетін білім беру субъектілерін іріктеуге және тексеруді жүргізу жоспарын құруға қатысу;
- бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды, тексеруді тағайындау туралы актіні құқықтық статистика органдарына мемлекеттік тіркеуді жүргізу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент құзырлығына жататын сұрақтарды талдауға, ғылыми және басқа мекемелерді, сонымен қатар жеке ғалымдарды, педагогтарды, мамандар мен сарапшыларды тарту;
- мемлкеттік бақылау жүргізу үшін білім беру саласындағы білікті мамандар қатарынан алынған сарапшылардың мәліметтері қорын құру;
- тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары негізінде бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімін құру;
- Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасында көрсетілген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру және оларды сот органдарына жолдау;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында, талап арызбен сотқа жүгіну;
- Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көрсетілген тәртіппен білім беру ұйымының қызметін тоқтату;
- Заңды тұлғаларға білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе қайта ресімдеуді жүргізу және ұйымдастыру;
-«Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасы арқылы заңды тұлғаларға білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе қайта ресімдеу;
- заңды тұлғалардың білім беру қызметін лицензиялауға ұсынған құжаттарға сараптама жүргізу;
- Департаменттің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе қайта ресімдеу, беруге дәлелді бас тарту бойынша бұйрықтарының жобасын дайындау;
- Қазақстан Республкасы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензияны немесе лицензияға қосымша беруге дейін өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігіне субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу;
- тексеру және бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындау актісін құқықтық статистика органдарында мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы сұранушылардың ақпараттандырылғанын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органдарға қажетті ақпарат ұсыну;
- мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бойынша қызметінің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаларды қабылдайды;
- Қазақстан Республкасы заңнамасында белгіленген жағдайларда мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бойынша қызметінің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламалар реестрінен білім беру ұйымын шығарады;
- хабарлама беру тәртібімен қызмет жүргізетін білім беру ұйымдарының қызметін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасында қарастырылған тәртіппен тоқтата тұрады;
- мемлекеттік құпия және заңмен қорғалатын басқа сырлар сақталатын ақпараттан басқа рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық реестрін жүргізеді;
- рұқсаттар мен хабарламалар мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нұсқада хабарлама беру тәртібін жүзеге асырады;
- білім беру құжаттарын (түпнұсқасын) апостилдеу рәсімін жүзеге асыру;
- білім сапасын сырттай бағалау білім беру мониторингісін ұйымдастыру және өткізуге қатысу;
- мектептер, кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінде, балалар үйі Қамқоршылық кеңес отырыстарына бақылаушы ретінде қатысу;
- Департаментінің іс-құжаттарын жүргізу; кіріс және шығыс корреспонденциясын тіркеу; Департаменттің негізгі қызметі бойынша бұйрық журналын жүргізу; Департамент поштасын қабылдау және жіберу; жолданған корреспонденция бойынша аванстық есеп жүргізу; жеке және заңды тұлға өтініштерін тіркеуді жүргізу;
- Департаментте құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру;
- Департамент құзырлығына жататын мәселелер бойынша комиссия, жұмыстық топ жұмыстарына қатысу;
- өз құзырлығы аясында Қазақстан Республикасының білім саласында нормативтік-құқықтық актілерді өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
-білім және ғылым саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізу;
-Департамент құзырлығына жататын сұрақтар бойынша түсіндірме жүргізу;
- Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша талдамалық және ақпараттық материалдар дайындау;
- Қазақстан Республикасы білім және ғылым саласындағы бақылау аясындағы стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстар дайындауға қатысу;
- Департамент жоспарын дайындауға қатысу және оның қызметі туралы есептер дайындау;
- семинарлар, кеңестер және басқа шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- аналитикалық материалдарды, есептерді дайындау;
- Департамент құзырына жататын жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер бойынша жауаптарды (материалдарды) дайындау;
- негізгі мәселелерді шешу бойынша тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету;
- құзырлығы аясында басқа өкілеттілікті жүзеге асыру. Б-функционалдық блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
dkso_shym@mail.ru
- 17.04.2023
- город Шымкент, ул.Шаяхметова, 39
-
тел. 28-23-44