ҚР ОАМ БССҚК Алматы қаласының БССҚД білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Білім (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Жергілікті басқару органдарының Департамент құзырлығына жататын бақылау функцияларының қызметін іске асыру. Білім беру ұйымдарында, меншік түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамалары мен құқықтық актілерінің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүргізу.

       Қаржыландыру мәселесі бойынша нормативтік-құқықтық актілерді орындайды. Бақылау және тексеру шараларының қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық баптар бойынша әкімшілік шара қолдану, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес білім беру саласының құзыретіне жататын іс қозғау және сот органдарына жолдау, сот процесстеріне қатысу. Өз құзыреті аясында Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімінде жою туралы нұсқаманы ұсыну.

       Бару арқылы және бармай профилактикалық бақылауды, тексеруді жүргізетін білім беру субъектілерін  іріктеуге және тексеруді жүргізу жоспарын құруға  қатысу. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды, тексеруді тағайындау туралы актіні құқықтық статистика органдарына мемлекеттік тіркеуді жүргізу.

      Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасында көрсетілген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру және оларды сот органдарына жолдау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында, талап арызбен  сотқа жүгіну. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көрсетілген тәртіппен білім беру ұйымының қызметін тоқтату.

Департаменттің кадр мониторингін қамтамасыз ету және кадрлық іс қағаздарын жүргізу, оның ішінде «Е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы;

         Негізгі мәселелерді шешу бойынша Департамент басшыларының тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету.

Штаттық кесте бойынша осы лауазым "А" функционалдық блогына жатады (грейд 5).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 24.02.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.02.2023 – 07.03.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 28,6 КБ

Сұхбаттасу күні

14.03.2023

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 25 Қонаев көшесінің қиылысы, Абай атындағы ҚазҰПУ ғимараты, 3 этаж, 54 кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

жауапты маман Оразбаева Назым Амангелдиевна 8/727/ 225-18-50 (ішкі 705)

ұялы тел. 87073025707