Абай облысының Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы, № 01-03-1-3, В функционалдық блогы
Абай облысы
259695
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Бейнелеу өнері және сызу
- Тарих
- Құқық және экономика негіздері
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Мәдениеттану
- Филология
- Дінтану
- Құқықтану
- Әлеуметтану
- Психология
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Бөлім қызметін ұйымдастыру, басшылық ету, үйлестіру, жоспарлау және бақылау. Нормативтік құқықтық актілер мен әдістемелік құжаттарды дайындау және пысықтау, сараптамалық ақпарат пен есептерді дайындау;
Жетекшілік ететін мәселелер бойынша нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлеу. Білім беру ұйымдары бойынша есептерді жасау.
Білім беру ұйымдарының өзін-өзі аттестаттау материалдарын талдау;
Білім беру мекемелерін мемлекеттік аттестаттау бойынша материалдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне талдау жүргізу. Департаменттің жоспарларын дайындауға қатысады және оның қызметі бойынша есеп дайындайды. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау, тексеру жүргізу бойынша төраға ретінде комиссия жұмысына қатысу. Департамент жүргізген мемлекеттік аттестаттау және тексеру қорытындылары бойынша бұйрықтар мен қаулы жобаларын дайындауға қатысу. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру. Әкімшілік істерді дайындайды және сотқа жібереді. Сот процестеріне қатысады. Білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне білім беру саласындағы ҚР заңнамасын қолдану мәселелері бойынша кеңес береді, негізгі міндеттер бойынша міндеттердің сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етед.
Өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптарды сақтауын тексеруді жүзеге асырады. Білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптарды өтініш берушінің сақтауын тексеруді жүзеге асырады. Өз құзыреті шегінде нұсқамада белгіленген мерзімде анықталған Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқамалар беру. Мектептерде, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, балалар үйлері жанындағы қамқоршылық кеңестердің отырыстарына бақылаушы ретінде қатысу.
Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Білім беру ұйымдарының білім беру процесін құруына әдістемелік және әдіснамалық көмек көрсету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап-арыз беру. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу. Заңнамада белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарына тексеру жүргізу жоспарын әзірлеуге қатысу.
Білім беру ұйымдарының қызметін білім беру және білім беру қызметін лицензиялау саласындағы заңнама талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылау және талдау. Білім беру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиялар және(немесе) лицензияларға қосымшалар беру үшін ұсынылған заңды тұлғалардың құжаттамасын қарау жөніндегі жұмысқа қатысу. Қағидаларға сәйкес "ХҚКО ЫАЖ" ақпараттық жүйесінде мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерінің есептілігі үшін жұмыс жүргізу (Білім туралы құжаттардың түпнұсқаларына апостиль қою)
"Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесінде жұмыс жүргізуге жауапты, білім беру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиялар және(немесе) лицензияларға қосымшалар беру үшін ұсынылған заңды тұлғалардың құжаттамасын қарау, оларды қайта ресімдеу, айырбастау және басқа да қызмет түрлері бойынша рәсімдерді жүзеге асыру.
«Е-қызмет» («Е-қызмет» ИАЖ), «тексеру субъектілерінің (объектілерінің) бірыңғай тізілімінде» (ЕРСОП), «Әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілімінде» (ЕРАП), «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде, «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесінде тиісті жұмысты жүзеге асыру. Лицензиялау мәселелері бойынша заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерінің, оларды қарау нәтижелерін беру мерзімдерінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету, лицензиялық комиссия отырыстары бойынша хаттаманы уақтылы және сапалы жасау.
Департамент тағайындайтын тексерулерді тіркеу, ақпараттық-есепке алу құжаттарын құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына жолдау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.seitkazina@edu.gov.kz
- 07.02.2023
- Семей қ., Глинки, 20 көшесі (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
87086865702