ҚР ОАМ Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің жүктілік пен босануына байланысты демалысы мерзіміне 2023 жылғы 30 наурызға дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Аймақ

Қызылорда облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Білім (білім саласы)
  • Саясаттану
  • Психология
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

- Білім беру ұйымдарында, меншік түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамалары мен құқықтық актілерінің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүргізу;

- Бақылау және тексеру шараларының қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық баптар бойынша әкімшілік шара қолдану, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес білім беру саласының құзыретіне жататын іс қозғау және сот органдарына жолдау, сот процесстеріне қатысу;

- Өз құзыреті аясында Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімінде жою туралы нұсқаманы ұсыну;

- Мемлекеттік бақылау жүргізу үшін білім беру саласындағы білікті мамандар қатарынан алынған сарапшылардың  мәліметтері қорын құру;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында, талап арызбен  сотқа жүгіну;

- Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көрсетілген тәртіппен білім беру ұйымының қызметін тоқтату;

- Білім беру құжаттарын (түпнұсқасын) апостилдеу рәсімін жүзеге асыру;

- Білім сапасын сырттай бағалау білім беру мониторингісін ұйымдастыру және өткізуге қатысу; 

 -  Мектептер, кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінде, балалар үйі Қамқоршылық кеңес отырыстарына бақылаушы ретінде қатысу;

- Департаменттің кадрлық жұмысын жүргізу;

- Департаменттің негізгі қызметі бойынша бұйрық журналын жүргізу; жеке және заңды тұлға өтініштерін тіркеуіне бақылау  жүргізу;

- Департаментте құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру;

- Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу; жеке құрамы, қызметкерлердің демалыстары бойынша бұйрықтарды дайындау; конкурстық комиссияның қызметін ұйымдастыру; мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру; персоналды басқару, кадрлардың ауысуы бойынша, бос жұмыс орындары туралы, қызметкерлердің саны туралы есептер жасау;

- Бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу, Департаменттің қаржы шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жүргізу;  

- Департамент құзырлығына жататын мәселелер бойынша комиссия, жұмыстық топ жұмыстарына қатысу;

- Өз құзырлығы аясында Қазақстан Республикасының білім саласында нормативтік-құқықтық актілерді өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеу;

- Білім саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізу;

- Департамент құзырлығына жататын сұрақтар бойынша түсіндірме жүргізу;

-  Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша талдамалық және ақпараттық материалдар дайындау;

- Департамент жоспарын дайындауға қатысу және оның қызметі туралы есептер дайындау;

- Семинарлар, кеңестер және басқа шараларды ұйымдастыру және өткізу;

- Аналитикалық материалдарды, есептерді дайындау;

-Білім беру ұйымдарына оқу процесін құруда әдістемелік және методологиялық көмек көрсету;

- Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарында, арнайы білім беру ұйымдарында және ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарында балалардың білім алу, тамақтану, тасымалдау, демалу, сауықтыру және бос уақытын өткізу құқығын қамтамасыз ету үшін мониторинг жүргізу және оның нәтижелерін балалар құқығын қорғау жөніндегі уәкілетті органға жібереді;

- Лицензиялар және оларға қосымшалар беру мәселелері бойынша консультативтік-кеңесші органның отырысын ұйымдастыру және өткізу.

- Департамент құзырына жататын жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер бойынша жауаптарды (материалдарды) дайындау; 

- Негізгі мәселелерді шешу бойынша тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету;

- Құзырлығы аясында басқа өкілеттілікті жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 06.01.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.01.2023 – 17.01.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

23.01.2023

Сұхбаттасу орны

г.Кызылорда, улица Толе би, 36

Анықтама алу үшін байланыс

8/7242/ 270547