Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы (С-О-5 санаты, №1-3)
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті
Ұлытау облысы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Педагогика және психология
- Тілдер және әдебиет
- Математика және статистика
- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
- Бастапқы әскери дайындық
- Дефектология
- Бейнелеу өнері және сызу
- Дене шынықтыру және спорт
- Математика
- Физика
- Информатика
- Химия
- Биология
- Тарих
- Құқық және экономика негіздері
- География
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Кәсіптік оқыту
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
Функционалды міндеттер
жергілікті басқару органдарының Департамент құзырлығына жататын бақылау функцияларының қызметін іске асыру; білім беру ұйымдарында, меншік түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамалары мен құқықтық актілерінің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүргізу; бақылау және тексеру шараларының қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық баптар бойынша әкімшілік шара қолдану, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес білім беру саласының құзыретіне жататын іс қозғау және сот органдарына жолдау, сот процесстеріне қатысу;
өз құзыреті аясында Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімінде жою туралы нұсқаманы ұсыну; әкімшілік іс-тәжірибе бойынша жұмыстар жүргізу, сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша мәліметтер базасын құру; білім беру ұйымдарындағы жүргізілген тексерулер және профилактикалық бақылаудың есеп санын үнемі және үздіксіз жүргізу, сонымен қатар тексеру парағына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік шараларды жүргізу; бару арқылы және бармай профилактикалық бақылауды, тексеруді жүргізетін білім беру субъектілерін іріктеуге және тексеруді жүргізу жоспарын құруға қатысу; мемлекеттік бақылау жүргізу үшін білім беру саласындағы білікті мамандар қатарынан алынған сарапшылардың мәліметтері қорын құру; Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензияны немесе лицензияға қосымша беруге дейін өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігіне субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу; білім сапасын сырттай бағалау білім беру мониторингісін ұйымдастыру және өткізуге қатысу; мектептер, кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінде, балалар үйі Қамқоршылық кеңес отырыстарына бақылаушы ретінде қатысу; Департаменттің кадрлық жұмыстарын жүргізу;
Департаментте құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру; Департамент құзырлығына жататын мәселелер бойынша комиссия, жұмыстық топ жұмыстарына қатысу; өз құзырлығы аясында Қазақстан Республикасының білім саласында нормативтік-құқықтық актілерді өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеу; білім және ғылым саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізу; Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша талдамалық және ақпараттық материалдар дайындау; Қазақстан Республикасы білім және ғылым саласындағы бақылау аясындағы стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстар дайындауға қатысу; семинарлар, кеңестер және басқа шараларды ұйымдастыру және өткізу; Департамент құзырына жататын жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер бойынша жауаптарды (материалдарды) дайындау; негізгі мәселелерді шешу бойынша тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету; құзырлығы аясында басқа өкілеттілікті жүзеге асыру.
Блок А.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 100600, Жезқазған қаласы, Гагарин көшесі, 74 үй
-
8 7786657149