Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Білім (білім саласы)
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Психология
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

-Білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру үшін ұсыныстар, Қазақстан Республикасының білім және ғылым бақылау саласындағы стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстарды дайындау және Департаменттің, бөлімнің құзыретіне жататын стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалық құжаттардың орындалуы туралы ақпаратты дайындау жұмысына қатысу.

- Мемлекеттік қызмет алушыларды мемлекеттік қызметтің көрсетілу тәртібі туралы ақпараттандыруды қамтамасыз ету.

- «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметтің көрсетілу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.

- «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметтің көрсетілу жұмыстарын жүргізуді және құжаттар қабылдауды ИИС ЦОН ГО базасы арқылы жүзеге асыру.

- Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша статистикалық есепті жинақтау, талдау, дайындау және тапсыру.

- Оқыту нәтижесін бағалау жұмыстарына бақылаушы ретінде қатысу.

- Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізуді ұйымдастыру және жүзеге асыру.

- Білім беру саласындағы мониторингтік қызметті жүзеге асыруды ұйымдастыру және жүзеге асыру.

- Департаменттің  қаржы-шаруашылық жұмысын жүргізу, есеп тапсыру.

- Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқа ведомстволармен және облыстық құрылымдармен, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарымен, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.

- Департаменттің қызметі бойынша БАҚ өкілдерімен бірлесе жұмыс атқару.

- Департаментте құқықтық оқытуды жүргізу жұмыстарына қатысу.

- Департамент пен бөлім құзыретіне жататын сұрақтар бойынша жұмыс топтарының, комиссиялардың жұмысына қатысу.

- Өкілеттігіндегі сұрақтар бойынша жоғары тұрған органға және басқа да органдарға есептер мен ақпараттар ұсыну.

- Департамент, бөлім басшылығының тапсырмалары мен бұйрықтарын мерзімінде орындауды қамтамасыз ету.

- Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң нормаларын, әдеп нормаларын сақтау.

- Еңбек және атқарушылық тәртібін сақтау.

- Қаржылық есеп-қисап және есеп беру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жүргізу;

- Департаментте бухгалтерлік есеп беруді жүргізу; қаржыландыру жоспарларын орындау бойынша жиынтық бухгалтерлік есепті дайындау;

- Бухгалтерлік есептің мәліметтері бойынша Департаменттің қаржылық-шаруашылық қызметіне экономикалық талдауды жүргізу;

- Мемлекеттік сатып алуларды өткізуге қатысу, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алудың заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

- Департаменттің жұмысын, тауарлар мен қызметтерді сатып алу мерзімдерін ескеріп, жылдық соммаларды төлемдер бойынша айларға бөлу;

- Штаттық қызметкерлерге, штаттан тыс қызметкерлерге еңбекақыны және іссапарларды аудару;

- Төлемдерді бюджетке, қызметкерлердің шоттарына зейнетақы соммаларын, сауықтыру үшін жәрдемақыларды, демалыс уақытының ақшасын, қаржылық қызмет көрсетулерді, жұмысқа жарамсыздық парақтарын төлеуді аудару; аванстық есептерді, еңбекақы бойынша жиынтық тізімдеме жасау;

- Қаржыландыру жоспарының орындалуы бойынша айлық есептерді, түсініктемесі қоса берілген дебиторлық және кредиторлық қарыз бойынша және тоқсандық бухгалтерлік есептер мен олар бойынша жиынтық ақпаратты ұсынуды дайындау;

- Статистикалық және бухгалтерлік есеп берулерді уақытымен ұсынуды қамтамасыз ету; жылдың қорытындысы бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және мүлікті қайта бағалау нәтижелері бойынша «Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі» (ЕССО) бағдарламасында шаблонда есеп беру.

- Бөлім, Департамент құзыретіне кіретін басшылықтың басқа да тапсырмаларын орындау.                 Б-блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 05.12.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.12.2022 – 14.12.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

20.12.2022

Сұхбаттасу орны

город Актобе, улица Нагима Кобландина, 10

Анықтама алу үшін байланыс

8(7132)414431