Педагогикалық этика кеңесінің жұмысы туралы
Педагогикалық әдеп және педагогтың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган
Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі - Департамент) жанында педагогикалық әдеп және педагог құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – ККО) жұмыс істейді. ККО шешімдері ұсынымдық сипатта болады. ККО педагогикалық этика және педагог құқықтарын қорғау мәселелері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік жұртшылығының өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.
ККО өз қызметін жүзеге асыру кезінде «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығымен бекітілген Педагогикалық әдеп қағидаларын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Педагогикалық этика және педагог құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ККО-ның негізгі міндеттері:
- «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және педагогикалық әдеп ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету;
- педагогикалық әдеп нормаларының бұзылуын алдын алуға бағытталған ұсынымдар әзірлеу;
- қоғамда педагог мәртебесін арттыруға және нығайтуға бағытталған қызметті жүзеге асыру.
2025 жылдың І-жартыжылдығында Департаменттің жанындағы ККО отырысында 2 өтініш қаралды, нәтижесі бойынша 2 тәртіптік шара қабылдау туралы ұсыныс берілді.
24
04 шілде 2025 11:12
04 шілде 2025