Есеп 3 тоқсан
Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті
Әдеп кодексін сақтауына мониторинг жүргізу бойынша
2025 жылғы ІІІ тоқсандық есеп
Есепті кезең: 2025 жылғы 1 шілде – 30 қыркүйек
Есеп берген тұлға: Әдеп жөніндегі уәкіл
Күні: 2025 жылғы 2 қазан
1. Мақсаты
Мемлекеттік қызметкерлердің этикалық нормаларды сақтау деңгейін бақылау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу.
2. Атқарылған іс-шаралар
|
№ |
Іс-шара атауы |
Өткізу күні |
Қысқаша сипаттамасы |
Қатысушылар саны |
|
1 |
Этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту семинары |
2025 ж. 10 шілде |
Парасаттылық қағидаттары, мемлекеттік қызметшінің мінез-құлық стандарттары, Әдеп кодексіндегі жаңартулар түсіндірілді |
5 қызметкер |
|
2 |
Жеке кеңес беру (1:1) |
Шілде–қыркүйек |
2 қызметкерге қызметтік этика нормалары бойынша түсіндірме жасалды |
2 |
|
3 |
Ішкі бақылау (шағымдарды зерделеу) |
2025 ж. 18 тамыз |
Әдепке қатысты шағымдар түспеді, қызметтік қарым-қатынастар талапқа сай |
– |
|
4 |
«Парасаттылық мәдениеті» акциясы (білім беру ұйымдарымен бірге) |
2025 ж. қыркүйек |
«Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» ұйымдарымен бірлесіп онлайн кездесу ұйымдастырылды |
60 оқушы |
3. Нәтижелер мен қорытындылар
- Әдеп бұзушылық фактілері анықталмады.
- Қызметкерлер арасында жауапкершілік пен этикалық нормаларға бейілділік артты.
- Азаматтар тарапынан түскен өтініштер арасында әдепке қатысты шағымдар болған жоқ.
- Білім беру ұйымдарында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр.
4. Ұсыныстар
- Департамент қызметкерлері үшін «Қызметтік этика және коммуникация мәдениеті» тақырыбында практикалық тренинг өткізу.
- Азаматтармен жұмыс жүргізетін қызметкерлер үшін этикалық мінез-құлық стандарттарын қайта оқыту.
5
08 желтоқсан 2025 12:23
08 желтоқсан 2025