Есеп 1 тоқсан
Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті
Әдеп кодексін сақтауына мониторинг жүргізу бойынша
2025 жылғы І тоқсандық есеп
Есепті кезең: 2025 жылғы 1 қаңтар – 31 наурыз
Есеп берген тұлға: Әдеп жөніндегі уәкіл
Күні: 2025 жылғы 2 сәуір
- Мақсаты
Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтауын қамтамасыз ету, қызметтік тәртіпті нығайту және әдеп бұзушылықтардың алдын алу.
- Атқарылған іс-шаралар
|
№ |
Іс-шара атауы |
Өткізу күні |
Қысқаша сипаттамасы |
Қатысушылар саны |
|
1 |
Әдеп кодексі нормаларын талқылау жөніндегі семинар |
2025 жылғы 6 ақпан |
Әдеп кодексінің негізгі талаптары, жиі кездесетін бұзушылықтар, жауапкершілік шаралары түсіндірілді |
6 қызметкер |
|
2 |
Жеке кеңес беру (1:1) |
Қаңтар-наурыз аралығы |
4 мемлекеттік қызметшіге әдеп нормалары бойынша түсініктеме берілді |
2 |
|
3 |
Ішкі бақылау жүргізу (қызметтік этикаға байланысты шағымдарға талдау) |
2025 жылғы 20 наурыз |
Азаматтар мен қызметкерлер тарапынан түскен шағымдар тексерілді – бұзушылық анықталған жоқ |
– |
- Нәтижелер мен қорытындылар
- Әдеп бұзушылық фактілері тіркелген жоқ.
- Қызметтік тәртіптің деңгейі – тұрақты, оң қалыпта.
- Қызметкерлер арасында адалдық, әдептілік, бейтараптық қағидаларына сәйкес әрекет ету қажеттілігі туралы түсінік қалыптасқан.
- Қызметкерлер өз міндеттерін орындау кезінде қоғаммен және бір-бірімен этикалық қатынасты сақтайтыны байқалды.
- Ұсыныстар
- Этикалық жағдаяттарды талдау бойынша тренинг өткізу;
- Жаңа қызметкерлерге арналған «Этика және адалдық» тақырыбындағы бейімдеу тренингі.
4
08 желтоқсан 2025 12:14
08 желтоқсан 2025