Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық органдарының 2025 жылдың екінші жартыжылдығына арналған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың тізімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 144-2-бабының 4-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрыққа 1-18-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық органдарының 2025 жылдың екінші жартыжылдығына арналған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың тізімі бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (М.Т.Мелдебекова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықпен бекітілген тізімге сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық органдарының бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жолдасын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының міндетін атқарушы М.Т.Мелдебековаға жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
|
Министрдің міндетін атқарушы
|
|
Е.Оспан |
Согласовано
12.05.2025 11:56 Амиржанова Батес Умирбековна
12.05.2025 12:11 Аширов Серик Кенесулы
12.05.2025 14:05 Мелдебекова Майра Турганбаевна
12.05.2025 14:16 Сейтов Аман Бактыбаевич
Подписано
12.05.2025 15:09 Оспан Е.С. ((и.о Бейсембаев Г.Б.))
19