2024 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНАН ШЫҒАТЫН РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДЫ АПОСТИЛЬДЕУ ТУРАЛЫ ЕСЕП
2024 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНАН ШЫҒАТЫН РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДЫ АПОСТИЛЬДЕУ ТУРАЛЫ ЕСЕП
🔹«Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
🔸Көрсетілетін қызметті алушының осы қызметті орындаушыға тікелей жүгінуіне жол берілмейді.
🔹2024 жылғы 01 қаңтар мен 30 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасында алынған білім туралы құжаттарға апостиль қоюға 127 өтініш келіп түсті.
🔸Білім туралы 60 құжатқа апостиль қойылды, оның ішінде: кәсіптік-техникалық білім туралы – 3; жалпы орта білім туралы – 57.
Құжаттар тұрғылықты мекен-жайы бойынша жіберілмегендіктен, ЖОО-ның құжаты және білім беру ұйымының құжаты болып табылмағандықтан 67 өтініш бойынша бас тартылды.
🔸Келіп түскен мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 127 құрады (60– орындалды, 67 – бас тартылды).
☑️Елдер бойынша бөлу:
- Түркия-38;
- Корея-5;
- Польша-4;
- Грекия-3;
- Словакия-3;
- Чехия-2;
- Италия-2;
- Кипр-1;
- Болгария-1;
- Венгрия-1.
6
03 қазан 2024 14:41
03 қазан 2024