Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудың қорытындысы
Департамент тарапынан ағымдағы жылдың 10-12 қаңтар күндері аралығында 5 білім беру ұйымында бармай профилактикалық бақылау, мемлекеттік аттестаттау жүргізілді.
1.Төлеби ауданы «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК;
2. Ордабасы ауданы «Мыңбала» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК,
3. Қазығұрт ауданы «Ай-Шолпан» бөбекжай-балабақшасы» ЖШС,
4. Қазығұрт ауданы «Көктөбе» бөбекжай-балабақшасы» ЖШС,
5.Келес ауданы «Нуриддин S.K» бөбекжай-балабақшасы» ЖШС.
Нәтижесінде, 5 балабақша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмей, аттестатталмады.
Сондай-ақ, 5 білім беру ұйымында қайта мемлкеттік аттестаттау жүргізілді.
- Жетісай ауданы, «Зиякүл ана» бөбекжай-балабақшасы» ЖШС,
- Сарыағаш ауданы, №28 «Абылай хан атындағы жалпы білім беретін мектеп,
- Төлеби ауданы, «Әңгірата» жалпы білім беретін мектеп,
- Қазығұрт ауданы, С.Рахимов атындағы жалпы білім беретін мектеп,
- Сарыағаш ауданы, №6 Балаби» бөбекжай- балабақшасы» МКҚК
Нәтижесіде, Жетісай ауданында орналасқан «Зиякүл ана» бөбекжай-балабақшасы қайта аттестатталмады.
187
17 қаңтар 2024 22:44
15 қаңтар 2024