Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және әкімшілік істерді жүргізу

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және әкімшілік істерді жүргізу

2024 жылы е-otinish порталы арқылы 349 арыз-шағым (жеке тұлға-327, заңды тұлға-22) тіркелді, 200 өтініш өз құзыреті шегінде басқа мемлекеттік органдарға жолданып, 138 (жеке тұлға-123, заңды тұлға-15) өтінішке жауап берілді. Бүгінгі таңда жеке тұлғаның 11 арыз-шағымы қаралуда.

Жауап берілген 138 арыз-шағымның өз өтініші негізінде кері қайтарып алынып, қараусыз қалдырылған-40, сенімді негіздер және растайтын дәлелдемелер жоқ-11, жоспардан тыс тексеру жүргізілген-14, арыз иесіне түсіндіріліп, жазбаша мәтінде жауап берілген-73.

          Департамент тарапынан 76 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша әкімшілік істер жүргізілді, оның ішінде 74 мектеп (39 мемл., 35 жекеменшік), 2 колледж (1 жекеменшік колледжге 2 әкімшілік іс қозғалды). 

Оның ішінде оқушылардың міндетті мектеп формасын сақтамағаны үшін 50 ата-анаға қатысты әкімшілік іс (ескерту-36, айыппұл – 14), 2 ата-анаға оқушының сабаққа келмеуі бойынша әкімшілік іс (айыппұл – 2) қозғалды.

         Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша 1 мектеп білім беру қызметіне мемлекеттік лицензия және лицензия қосымшасынан айырылды, 5 мектепте, 1 колледжде лицензияның қолданылуы 6 ай мерзімге дейін уақытша тоқтатылды, барлық білім беру ұйымдарына анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. 

            76 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 7 лауазымды тұлғаға, 15 заңды тұлғаға, 18 жеке тұлғаға айыппұл салынса, 36 жеке тұлғаға ескерту берілді, жалпы 800 АЕК (2 953 600 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.