Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған сәйкессіздіктердің жойылуын бағалау жүргізілді

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 55-1-бабына сәйкес мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдарының білім беру қызметінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖМБС) талаптарына сәйкестігін айқындауға бағытталған және білім сапасы мен қолжетімділігін кешенді бағалау рәсімі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №114-НҚ бұйрығымен бекітілген «Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидаларына» (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес Департамент тарапынан 2026 жылғы қазан айында мемлекеттік аттестаттау 17 мектепте жүргізіліп, барлығына хабарлама жолданды.

Бұған қоса 2026 жылғы қазан айында Қағидалар талаптарына сәйкес мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған сәйкессіздіктерді жою үшін 31 балабақша белгіленген мерзімде Департаментке анықталған сәйкессіздіктердің жойылғанын растайтын ақпарат пен құжаттарды ұсынса, 3 балабақша («Қиял Ел» бөбекжай-балабақшасы» ЖШС, «Бала би» бөбекжай-бала бақша» ЖШС, «Карлсон» бөбекжай балабақшасы» ЖШС) есебін жолдамады

Аттестаттау комиссиясы 21 балабақшаға бару арқылы мемлекеттік бағалау жұмыстарын жүргізді.

Білім беру сапасы мен қолжетімділігіне жүргізілген кешенді бағалау нәтижелері бойынша 18 балабақшаның білім беру қызметі («Ай-Таңнұры» бөбекжай-бақшасы», «Асыл-ай» мектепке дейінгі шағын орталығы», «4kids» логотипі бар балабақшасы «Аубанур», «Арайлым-ай» бөбекжай-балабақшасы», «Премиум Шымкент» бөбекжай бақшасы», «Әсем» бөбекжай-бақшасы», «Дим&Дон» балабақшасы», «Ер-Хансұлтан» бөбекжай-бақшасы», «Айым-ай» бөбекжай-балабақшасы», «Аялаш» бөбекжай-бақшасы», «Bayan-baby» бөбекжай бақшасы», «Sabi-7» бөбекжай балабақшасы», «Заңғар Эверест» бөбекжай балабақшасы», «Абзал» бөбекжай балабақшасы», «Бақжан» бөбекжай бақшасы» ЖШС-нің «Мойдодыр» филиалы, «Арнұртай» бөбекжай балабақшасы», «Бәйтерек бөбек» бөбекжай балабақшасы», «Жан Асыл» бөбекжай балабақшасы» ЖШС)мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес болса,6 балабақша («Қиял Ел» бөбекжай-балабақшасы» ЖШС, «Бала би» бөбекжай-бала бақша» ЖШС, «Карлсон» бөбекжай балабақшасы», «Балаби» бөбекжай балабақшасы«Гүлсезім» бөбекжайы», «Бексұлтан 7» бөбекжай балабақшасы» ЖШС)бару арқылы профилактикалық бақылауға түсті.

Жарияланған күні

10 қараша 2026 18:22

Жаңарту күні

10 қараша 2026