ҚР ИИДМ ИДӨҚКД Қарағанды облысы бойынша Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау бөлімінің (Теміртау қаласы) бас маманы, ( 1 бірлік, № 10-3)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Қарағанды облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Тау-кен ісі
- Мұнай газ ісі
- Металлургия
- Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
- Геодезия және картография
- Машина жасау
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
- Органикалық заттардың химиялық технологиясы
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Құрылыс
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Пайдалы қазбаларды байыту
- Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы
Қосымша талаптар
маркшейдер ісі
Функционалды міндеттер
Теміртау аймағының металлургиялық және химия өнеркәсібінде, газ өнеркәсібінде, көтеру механизмдері мен қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар бойынша бақыланатын қауіпті өнеркәсіптік объектілерде ерекше тәртіп бойынша, жоспардан тыс тексерулер жүргізу және субъектінің (объект) техникалық қауіпсіздігі жағдайына профилактикалық бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау және қадағалау жүргізу, өнеркәсіптің қауіпсіз жұмысына қадағалау жүргізеді. Өз құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірге қауіпті өндірістік объектіде болған жазатайым оқиға нәтижесінде болған авариялар мен жазатайым оқиғаларды тексеру жөніндегі комиссиялар жұмысына қатысады және жүргізеді. Мемлекеттік қызмет стандарттарына және регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді жүзеге асырады. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін ерекше жағдайларда жеке кәсіпкерлердің, қауіпті өндірістік объектілердің, техникалық құралдардың пайдаланумен байланысты ұйымдардың қызметі немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрады немесе тыйым салады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның атынан әкімшілік жазалар салады. Құрылысқа арналған жобаны келістіреді және өндірістік ғимараттардың, технологиялық құрылғылардың және қауіпті өндірістік объектілердің техникалық құралдарының жай-күйін бақылайды; өндірістік ғимараттарды, қауіпті өндірістік объектілердің технологиялық құрылымдарын тексерудің уақытылы болуын бақылайды. Қолданысқа енгізілген кезде қауіпті өндірістік объектінің техникалық сынақтарына, қабылдау сынақтарына қатысады. Қауіпті өндірістік объектілерді, қауіпті техникалық құрылғыларды тіркеу және тіркеуден шығару жұмыстарын жүргізеді. Қауіпті өндірістік объектілерде оқу дабылдары және аварияларға қарсы жаттығуларға қатысады. Қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың және қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына қадағалау жүргізеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 100009, Қарағанды қ., Ермеков көш., 126
-
8(7212) 44-24-50, факс 8(7212) 25-33-34