ҚР ИИДМ ИДӨҚКД Қарағанды облысы бойынша Жезқазған өңірі бойынша Түсті металлургияның тау-кен руда саласындағы мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы, (1 бірлік, № 11-7)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Автоматтандыру және басқару
  • Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
  • Тау-кен ісі
  • Металлургия
  • Геодезия және картография
  • Машина жасау
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Пайдалы қазбаларды байыту

Қосымша талаптар

маркшейдер ісі

Функционалды міндеттер

Сәтбаев алаңының тау-кен және кен емес өнеркәсібінің бақылауындағы кәсіпорындардың қауіпті өндірістік объектілерінде қауіпсіз жұмыс жүргізуге қадағалауды жүзеге асырады,сондай-ақ технологиялық процестерді, технологиялық машиналар мен жабдықтарды, жерасты жылжымалы тау-кен көлігі мен жабдықтарын автоматтандыру (өнеркәсіп салалары бойынша), анықталған бұзушылықтарды жоюға ұйғарым бере отырып, тексеру жүргізу жолымен жүзеге асырылады. Тау-кен және кен емес өнеркәсіптің бақылауындағы кәсіпорындарында қауіпті өндірістік объектілерде қауіпсіз жұмыс жүргізуді қадағалау бөлімінің жұмысына қатысады,бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы Ерекше тәртіп бойынша тексерулер, жоспардан тыс тексерулер мен профилактикалық бақылау мен қадағалаудың жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады.Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ерекше жағдайларда жеке кәсіпкерлердің қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрады немесе оған тыйым салады, қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты ұйымдар. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды және жауап дайындайды. Өз құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қауіпті өндірістік объектідегі аварияларды, жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысады және жүргізеді.Қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға беру кезінде қабылдау сынақтарына, техникалық куәландыруға қатысады. Қауіпті өндірістік объектілерді, қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады. Қауіпті өндірістік объектіде оқу дабылдарын және аварияға қарсы жаттығуларды өткізуге қатысады. Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың тәжірибелік партиясын өндірістік жағдайларда бақылау және қабылдау сынақтарын жүргізу жөніндегі комиссияға қатысады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 10.08.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.08.2020 – 19.08.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

100009, Қарағанды қ., Ермеков көш., 126

Анықтама алу үшін байланыс

8(7212) 44-24-50, факс 8(7212) 25-33-34