ҚР ИИДМ ИДӨҚКД Қарағанды облысы бойынша Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау бөлімінің (Балқаш қаласы) бас маманы, (1 бірлік, № 15-4, уақытша, негізгі қызметшінің 2023 жылғы 23 ақпанға дейін бала күту демалысы мерзіміне, негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Автоматтандыру және басқару
  • Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
  • Тау-кен ісі
  • Металлургия
  • Геодезия және картография
  • Машина жасау
  • Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Органикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Құрылыс
  • Пайдалы қазбаларды байыту

Қосымша талаптар

маркшейдер ісі

Функционалды міндеттер

ҚР Кәсіпкерлік кодексі бойынша бақылау және қадағалау суъектісінің (объектісінің) техникалық қауіпсіздігінің жағдайына  профилактикалық бақылау және қадағалау, ерекше тәртіп бойынша тексеру, жоспардан тыс тексеру өткізу арқылы Балқаш өңірінде металлургиялық және химиялық өнеркәсіп, газ шаруашылығы, көтеру құрылысы мен қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, сонымен қатар технологиялық процестер, технологиялық машиналар және жабдықтар, жер асты жылжымалы тау – кен көлігі мен жабдықтардың (өнеркәсіптің салалары бойынша) автоматтандырылуы бар бақылаудағы кәсіпорындардағы қауіпті өндірістік объектілерде жұмыстың қауіпсіз жүргізілуіне қадағалауды жүзеге асырады. Қауіпті өндірістік объектілерді салуға арналған жобаны келіседі және қауіпті өндірістік объектілердің пайдаланылатын өндірістік ғимараттарының, технологиялық құрылыстарының және техникалық құрылғыларының жағдайына бақылауды жүзеге асырады. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, өз құзыреті шегінде қауіпті өндірістік объектілерде авариялар мен авария салдарынан болған жазатайым оқиғаларды тергеп – тексеру бойынша комиссия жұмысына қатысады және жүргізеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетудің дұрыстығын тексереді. Адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін ерекше жағдайларда, қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдаланумен байланысты дербес кәсіпкерлердің, ұйымдардың қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұрады немесе тыйым салады.  Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сейкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның атынан әкімшілік шара қолданады. Қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға енгізу кезінде оны қабылдау сынақтарына, техникалық кәуландыруларға қатысады. Қауіпті өндірістік объектілерді, қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алуды және есептен шығаруды жүзеге асырады. Қауіпті өндірістік объектіде оқу дабылдарын өткізуге қатысады. Қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын, қауіпті өндірістік объектілер мен ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына қадағалауды жүзеге асырады.      

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 10.08.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.08.2020 – 19.08.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

100009, Қарағанды қ., Ермеков көш., 126

Анықтама алу үшін байланыс

8(7212) 44-24-50, факс 8(7212) 25-33-34