ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті Түсті металлургия және сирек кездесетін металлдар басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

422438

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Химия
  • Құқықтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Тау-кен ісі
  • Металлургия
  • Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
  • Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Пайдалы қазбаларды байыту
  • маркшейдрлік ісі

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
басқарма құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін бақылау;
нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
ақпараттық-талдау материалдарын қорыту және дайындау;
тау-кен металлургия өнеркәсібі бойынша мемлекеттік және салалық
(секторалдық) бағдарламаларды іске асыру және олардың орындалуын үйлестіру;
тау-кен металлургия өнеркәсібі (түсті металлургия) саласындағы жұмыс
берушілермен және кәсіподақтармен әлеуметтік серіктестік бойынша жұмысты
ұйымдастыру;
тау-кен металлургия өнеркәсібі (түсті металлургия және сирек металдар)
саласындағы бюджеттік бағдарламаларды сүйемелдеу;
Басқарма құзыретіне кіретін салалардағы халықаралық шарттарды орындау;
тау-кен металлургия өнеркәсібі мәселелері бойынша халықаралық ұйымдардың
жұмысына қатысу;
тау-кен металлургия өнеркәсібі (түсті металлургия) мәселелері бойынша
конгресстерді, форумдарды және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу);
асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды, бағалы металдардан
жасалған монеталарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден
Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының
аумағынан осы елдерге әкету кезінде мемлекеттік бақылау актісінің берілуіне
бақылауды жүзеге асырады;
инвестициялық және инновациялық жобаларға, тау-кен металлургия
өнеркәсібінің өндірістік қызметіне, соның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың
технологиялық жай-күйінің деңгейіне мониторинг жүргізу;
тау-кен металлургия өнеркәсібінде инновациялық жобаларды жандандыру,
жаңа технологиялық салуларды енгізу, жаңа қайта бөлулерді игеру жөніндегі
жұмыстарды ұйымдастыру;
бюджет қаражатына орындалған ғылыми зерттеу және тәжірибелік-
конструкторлық жұмыстар нәтижелеріне мемлекеттік технологиялық сараптама
жүргізу және оларды одан әрі өнеркәсіптік игеру және енгізу үшін ұсынымдар беру;
Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіне мониторинг
жүргізу және үйлестіру;
индикативті бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
салалық ведомствоаралық комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметін
ұйымдастыру және қатысу;
түсті металлургия және сирек металдар құзыреті шеңберінде мемлекеттік
қызметтер көрсету, қорытынды, актілер, құжаттар мен толлингтік операцияларды
беру;
Басқармадағы құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
жеке және заңды тұлғалардың хаттарының орындалу мерзімдеріне бақылауды
жүзеге асыру;
Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де
міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 09.12.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.12.2022 – 14.12.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

20.12.2022

Сұхбаттасу орны

Кабанбай батыра 32/1 (Онлайн)

Анықтама алу үшін байланыс

983-359