«Ұлттық режимнен алып тастауды бекіту туралы»
«Ұлттық режимнен алып тастауды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 538 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Ұлттық режимнен алып тастауды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 538 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
мынадай редакциядағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы қаулыға қосымшада көрсетілген тауарларды мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен алдын ала біліктілік сұрыптаумен конкурс тәсілімен жүзеге асырылады деп белгіленсін.».
2- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Белгіленген тәртіппен берілген Индустриялық сертификаты бар, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы шығаратын тауарлардың мемлекеттік сатып алуға қатысуына рұқсат берілсін»;
мынадай редакциядағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Мемлекеттік сатып алу шеңберінде тауарларды жеткізу кезінде өнім берушінің «CT-KZ» нысанындағы тауардың өткені туралы сертификатты ұсынуы міндетті шарт болып табылады.».
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
21
10 сәуір 2020 00:00
10 сәуір 2020