Қалпына келтiрiлетiн қағазды немесе картонды (макулатура және қалдықтар) әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы
____________________________ № _______________________ Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан
Қалпына келтiрiлетiн қағазды немесе картонды (макулатура және қалдықтар) әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 2-тармағына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ Шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасының аумағынан қалпына келтірілетін қағазды немесе картонды (макулатура және қалдықтар) (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы коды 4707) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.
- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын орындау бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру бойынша шаралар қолдану туралы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» (келісім бойынша) акционерлік қоғамын;
3) белгіленген тәртіппен:
осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салудың енгізілгені туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны ақпараттандыру;
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген шараның енгізілуі туралы ұсынысты Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына енгізу қажеттігі туралы Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігін хабардар етсін.
- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсізді комитеті
91
05 қазан 2021 17:33
05 қазан 2021