Ағаш-жоңқа және ағаш-талшықты тақталарды әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы
____________________________ № _______________________ Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан
Ағаш-жоңқа және ағаш-талшықты тақталарды
әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабының 2-тармағына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ көрсетілген шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасының аумағынан қалыңдығы 9 мм-ден асатын, механикалық өңдеусіз немесе беткі қабаты жабылмаған тығыздығы орташа ағаш-талшықты тақталар (MDF) (БЭЖ СЭҚ ТН коды 4411141000); тығыздығы 0,8 г/см3-ден асатын, механикалық өңдеусіз немесе үстіңгі қабаты жабылмаған ағаш-талшықты тақталар, (БЭЖ СЭҚ ТН коды 4411921000); тегістеуден басқа, өңделмеген немесе одан әрі өңделмеген ағаш жаңқалы тақталарды (БЭЖ СЭҚ ТН коды 4410111000) үшінші елдерге алты ай мерзімге әкетуге тыйым салу енгізілсін.
- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын орындау бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру бойынша шаралар қолдану туралы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» (келісім бойынша) акционерлік қоғамын;
3) белгіленген тәртіппен:
осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салудың енгізілгені туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны ақпараттандыру;
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген шараның енгізілуі туралы ұсынысты Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына енгізу қажеттігі туралы Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігін хабардар етсін.
- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсізді комитеті
48
05 қазан 2021 16:44
05 қазан 2021