«Өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасының тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 394-бабының 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 138 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 сәуірде № 16757 болып тіркелген, 2018 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының, сондай-ақ олардың құрамдастарының тізбесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының, сондай-ақ олардың құрамдастарының тiзбесi бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Министр |
|
Б. Атамқұлов |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
______________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
______________
133
06 мамыр 2021 00:00
06 мамыр 2021