«Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау және бақылау қағидаларын бекіту туралы»
«Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау және бақылау қағидаларын бекіту туралы»
2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-2 бабы 2) тармақшасына және 2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау және қадағалау Қағидасы бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Лауазымы | Аты-жөні |
«КЕЛІСЕМІН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСЕМІН»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСЕМІН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
23
15 наурыз 2021 00:00
15 наурыз 2021