Еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы - БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті
Батыс Қазақстан облысы
108306 - 146000
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Әлеуметтік ғылымдар
- Құқық
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Қаржы
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Ұйымдарда еңбек заңнамасының сақталуы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу. Өндірісте болған жазатайым оқиғалар бойынша арнайы тергеп-тексеру жүргізу. Еңбек заңнамасы және еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау нормалары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы жұмыс берушілерге орындауы үшін міндетті нұсқамалар беру, сондай-ақ заң бұзушылығы туралы хаттамалар толтыру, әкімшілік жазаға тарту.
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру бойынша ақпараттар мен материалдарды құқық қорғау органдарына жолдау. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру бойынша тиісті құжаттар мен өзге де ақпаратты жұмыс берушілерден сұрату. Ұйымдарда еңбек заңнамасының сақталуы бойынша құқықтық оқытуды жүргізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 26.05.2020
- БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқармасы, Орал қаласы, Н. Назарбаев даңғылы 188, 2 қабат
-
8 (7112) 24-02-74, 50-04-86, 24-05-44