Батыс Қазақстан облысы еңбек инспекциясы бойынша басқармасы еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы – мемлекеттік еңбек инспекторы
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті
Батыс Қазақстан облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық
- Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
Бөлімнің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру. Азаматтар мен ұйымдардың еңбек қатынастары мәселелері бойынша өтініштерін, шағымдарын және ұсыныстарын уақытында қарау. Ұйымдарда еңбек заңнамасының сақталуы бойынша жеке және заңды тұлғаларға кеңес беру. Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда ҚР еңбек заңнамаларының сақталуына мемлекеттік қадағалау мен бақылауды қамтамасыз ету. Еңбек заңнамасы нормалары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою үшін жұмыс берушілерге міндетті нұсқамалар беру, сондай-ақ заң бұзушылығы туралы хаттамалар толтыру, әкімшілік жазаға тарту. Еңбек заңнамасы мәселелері жөнінде алдын-алу жұмыстарын күшейтуге бағытталған іс- шараларды іске асыру және еңбек ұжымдарында құқықтық оқыту жұмыстарын жүргізу. Азаматтардың еңбекке ақы төлеу және еңбекті нормалау бойынша, соның ішінде ең төменгі жалақыны есептеу, ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлердің, жіберуші тарап жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу, жұмыс уақытының жиынтық есебі, үстеме, мереке және түнгі, демалыс күндері үішн ақы төлеу,лауазымдарды қоса атқару, бос тұрып қалу жағдайында еңбекке ақы төлеу, жұмысшыларға жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері, орташа жалақыны есептеу, жалақыны ұстап қалулар бойынша өтініштерін қарайды және тексеріс жүргізеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kadr@bko.gov.kz
- 11.06.2024
- Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179
-
87112248067