Білім

Білім

 «Жиделі  орта мектебі  мектепке дейінгі шағын орталығымен Орақ-Балға шағын жинақталған бастауыш мектебі»  мемлекеттік коммуналдық мекемесінің жұмысы Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталды.
Қазіргі жан-жақты дамыған саналы қоғам-білім мен біліктіліктің, бәсекенің өркениетті қоғамы. Еліміз әлемдік қоғамдастық пен дамыған экономикаға қадам басқан жағдайда оған ие болар бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыру – бүгінгі ұстаздардың мақсаттарының бірі.

Мектеп ғимараты 1964 жылы салынған. Округ бойынша оқушылар саны 244 оқушыны құрайды. Мектепте шағын орталық жұмыс істейді. Орталықта 75 бала  тәрбиеленіп жатыр. Мектепте барлығы 2022-2023 оқу жылында 42  мұғалім жұмыс істейді. Оның 36 жоғары білімді, 4 орта арнаулы.  Жылыту түрі-сұйық отынмен. Мектепке 2021 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.