Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдерімен семинар өтті

2023 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің(бұдан әрі - Министрлік)Заң департаменті Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдерімен бірлесіп Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының заң қызметі басшыларының, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша уәкілдерінің, комплаенс-офицерлердің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» Үлгілік базалық бағытындағы(бұдан әрі –ҮББ 4)жобаларды іске асыруға қатысты семинар өткізді.

Осы бағыт бойынша Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) уәкілетті орган болып табылады.

Агенттік №4 ҮББ іске асыру бойынша жобалық басқаруды жүргізеді және қазіргі уақытта оны іске асыруда.

№4 ҮББ шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша квазимемлекеттік секторда жұмысты ұйымдастыру сапасын арттыру үшін мүмкіндіктер ашылады.

Жарияланған күні

06 қараша 2023 15:13

Жаңарту күні

06 қараша 2023