Оқу-ағарту министрі өңірлік басқармалардың басшыларымен балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау мәселелерін талқылады
ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ӨҢІРЛІК БАСҚАРМАЛАРДЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің одан әрі дамуының басым бағыттарын айқындады. Балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың маңызды міндеттерінің бірі болып қала береді.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова еліміздің барлық өңірлеріндегі бала құқықтарын қорғау басқармаларының басшыларымен жұмыс кеңесін өткізді.