Ақтөбе өңірінің оқушыларына арналған Президенттік шырша өтті.

Ақтөбе өңір оқушыларына арналған дәстүрлі Президенттік жаңажылдық шырша ұйымдастырылды. Жекпе-жек сарайында облыс әкімі Асхат Шахаров қала мен аудандардан келген 180 баламен бірге басты жаңажылдық шыршаның шамын жақты.
Аймақ басшысы балаларға жаңажылдық құттықтауын арнады.
"Жаңа жыл - барлық бала асыға күтетін ерекше кезең. Ол қуаныш, арман және ізгі үміттер сыйлайды. Сіздерге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтауын зор қуанышпен жеткіземін және осындай дарынды, қабілетті оқушылармен кездескеніме қуаныштымын", - деді өңір басшысы.
Залда шын мәнінде жылы атмосфера орнап, сиқырлы сезім мен жаңажылдық ғажайыпты қуана күткен көңіл күй сезілді. Бұл шара қысқы мерекелер легінің жарқын бастамасына айналды.
Президенттік шырша балаларға жарқын әсер, шынайы қуаныш және жаңажылдық ғажайыпқа деген сенім сыйлады.