Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі №129 «Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі №129 «Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі №129 «Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
14-трмақтың 15) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«15) облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері жөніндегі отбасылық-демографиялық саясат, мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссиялар, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар басшыларының бос тұрған әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия қызметін қамтамасыз ету;».
- «Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау «Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С. Шәпкенов
19