№10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қызылқоға ауданы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы
№10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қызылқоға ауданы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 1-тармағының 4) тармағына, 101-бабының 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес және «Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды бір мезгілде өткізу күнін келісу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №39/47 қаулысы негізінде Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қызылқоға ауданының шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалсын.
- Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2024 жылғы 11 қазаннан 8 қарашаға дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2024 жылғы 13 қарашаға дейін белгіленсін.
- Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған, Қызылқоға ауданы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы «Қызылқоға» аудандық газетінде және Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырсын.
Төраға М. Муканов
Хатшы Е. Ульжабаев
Миялы ауылы
№4
11 қазан 2024 ж
21