«Атырау облысы бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың және әкімдер аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 241 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Атырау облысы бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың және әкімдер аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 241 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4801 тіркелген) келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысы бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың және әкімдер аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларында:
келесі мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау нәтижелері бойынша көтермелеу бір жыл ішінде түйінді нысаналы индикаторларды орындауы тұрғысынан, пайыздық арақатынасы қағидаты бойынша айқындалады.».
- Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С. Шәпкенов
76