Атырау облысы кәсіпкерлерінің назарына!
Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары С.Айдарбековтың төрағалығымен «Бірыңғай есеп күні» өткізіледі.
Мақсаты – бақылау-қадағалау қызметін реформалауды жүзеге асыру аясында мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі заңнаманың міндетті талаптарын бұзуды жүйелі түрде алдын-алуды дамыту, тұрақты қауіпсіз қызметті іске асыру үшін кәсіпкерлердің және ұйымдардың құқықтық сауаттылығын жақсарту.
Өткізу нысаны – бақылау және қадағалау органдарының олардың мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерін кәсіпкерлік субъектілерімен талқылау және бизнес-қауымдастықпен кері байланысты қалыптастыру бойынша өткізілетін кездесу.
Өткізу күні – 2021 жылғы 30 қыркүйек, сағат 11.00. (онлайн режим)
Қатысушылар:
- Мемлекеттік органдардан – бақылау және қадағалау органдарының, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті, сондай-ақ Атырау облысының прокуратура органдарының өкілдері;
- Бизнес-қоғамдастықтан – бизнес-қоғам өкілдері, облыстағы кәсіпкерлердің өңірлік палаталарының өкілдері, Атырау қаласы және аудан кәсіпкерлері;
112
20 қыркүйек 2021 00:00
20 қыркүйек 2021