Ықпал ету скринингін қарау туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Экология Кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін мынадай құжаттар (бұдан әрі - СЭБ материалдары) келіп түсті:
- «Атырау облысы Индер ауданы Индербор ауылының бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жобасына ықпал ету скринингі;
- «Атырау облысы Индер ауданы Индербор ауылының бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жобасы бойынша жалпы түсіндірме жазба;
СЭБ материалдарын әзірлеуші: «АТС ГРАД» ЖШС.
СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: «Атырау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ.
СЭБ әзірлеуге жауапты: Исаканова А.С.
СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруі үшін уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) мына мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:
- Жобаларды жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай ықпал етуі мүмкін бе, егер солай болса, онда ол қандай әсерлер және Сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
- Жоба бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді және не себепті зерттеу қажет?
- Сіз СЭБ өткізуді қажет деп санайсыз ба? Сізді қандай ақпарат және не себепті қызықтырады?
- Жобаларды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты Сізде өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?
Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2043 жыл
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау жөніндегі рәсімді өткізу мерзімі: 2024 жылғы 28 қазаннан 8 қарашаға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2024 жылғы 8 қараша).
Байланыс деректері:
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8
Экология саясаты департаменті
Тел. 8 701-847-2853; 8 (7172) 74-13-83, 74-02-83
e-mail: o.melnik@ecogeo.gov.kz; b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде жіберуге болады:
- электронды түрде Экология министрлігі кеңсесінің эл.мекенжайына: k.kense@ecogeo.gov.kz (сіздің құжаттарыңызды Кеңседе алынғанын міндетті түрде мына телефон арқылы нақтылау қажет +7 7172 74-08-44);
- e-mail-ға: o.melnik@ecogeo.gov.kz; b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz;
- «WhatsApp» нөміріне 8 701-847-2853
СЭБ бойынша материалдар орналастырылған:
Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі - «Негізгі құжаттар» бөлімі - «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)
Атырау облысы әкімдігінің сайтында.
14
Ықпал ету скринингін қарау туралы хабарландыру
24 қазан 2024 15:08
24 қазан 2024