2027 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы қосымша ақпарат

 

Приложение 1

К Правилам формирования, мониторинга реализации и оценки результатов государственного социального заказа

 

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларына

1-қосымша

 

Нысан

2027 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы қосымша ақпарат

№

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге)

Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

1

Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға (отбасыларға) психотерапевт мамандарының көмегін ұйымдастыру және аудан көлемінде іс-шаралар өткізу (тренинг, тимбилдинг, форум, семинар, дөңгелек үстел, тұрғындармен сұрақ-жауап кездесулері, психологиялық тренингтер)

6 000,0

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің деректері; аудан тұрғындарының әлеуметтік-психологиялық қажеттіліктері, жергілікті атқарушы органның мәліметтері мен азаматтардың өтініштері.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар мен отбасылар: көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, мүгедектігі бар адамдар және олардың отбасы мүшелері, жалғызілікті қарттар, зорлық-зомбылықтан зардап шеккен тұлғалар, қиын өмірлік жағдайдағы жасөспірімдер мен жастар, аудан тұрғындары.

Азаматтарға кәсіби психологиялық көмек көрсетіледі, аудан көлемінде ақпараттық-профилактикалық іс-шаралар өткізіледі, халықтың психологиялық сауаттылығы артады, күйзеліс пен отбасылық дағдарыстардың алдын алу жұмыстары жүргізіледі.

 

2

«Кітап оқитын ұлт – Мақат оқырмандары»

10 000 ,0

Мақат ауданында кітап оқу мәдениетін дамыту, жастардың әдебиетке қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және тұрғындар арасында тұрақты оқырмандық дағды қалыптастыру

Аудан тұрғындары, оқырмандар

Мақат ауданында кітап оқу мәдениеті одан әрі дамып, жастардың әдебиетке деген қызығушылығы артады, тұрғындар арасында тұрақты оқырмандар клубы қалыптасады

3

«Мақат – өнерінің орталығы» республикалық театр фестивалі

15 000 ,0

Мақат ауданында театр өнерін дамыту, мәдениет қызметкерлері мен театр әртістерінің кәсіби біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу және тұрғындарға сапалы мәдени бағдарлама ұсыну

Аудан тұрғындары, мәдениет қызметкерлері

Ауданды театр өнеріне жаңа тыныс беріп, мәдениет қызметкерлері мен театр әртістерінің кәсіби біліктілігі арттады

4

«MAQAT CHESS – 2027» шахмат жарысы

15 000,0

Мақат ауданында аудандық және республикалық деңгейдегі шахмат жарыстарын ұйымдастыру және шахмат спортын дамыту

Спортшылар, жастар, тұрғындар

Аудан бойынша шахмат спорты дамып, шахматшылардың кәсіби қабілетін шыңдау

5

«MAQAT CYBER GAMES» жобасы

17 000 ,0

Жастардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру, құмар ойындарға және бәс тігуге байланысты тәуекелдер туралы сауаттылығын арттыру, қаржылық және цифрлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізілетін екі кезеңді әлеуметтік жоба

Жастар, аудан тұрғындары

Жастар арасында лудоманияның алдын алуға бағытталған аудандық және республикалық киберспорттық-әлеуметтік жоба өткізу

 

Жарияланған күні

06 қараша 2026 15:45

Жаңарту күні

06 қараша 2026

Срок публичного обсуждения

16 қараша 2026