Жиі қойылатын сұрақтар

Қысқа жауап:

1-қадам: Тапсырыс беруші сұрау жібереді

Мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпаз  болып анықталғаннан кейін (шағым беру мерзімі өткен соң немесе баға ұсыныстары бойынша жеңімпаз шыққан күннен бастап) 1 жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші веб-порталы арқылы Сізге хабарлама жібереді.

2-қадам: Өнім беруші мәліметтерді толтырады

Жеңімпаз (өнім беруші) сұрауды алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде веб-порталда

  • Шартқа қол қоятын адамды көрсетеді
  • Деректерін толтырады
  • Барлығын растайды

Егер осыны уақытында растамаса:
Тапсырыс беруші порталдағы бұрын тіркелген мәліметтер бойынша шартты рәсімдей береді.

3-қадам: Шарт жобасы жіберіледі

Мәліметтер расталғаннан кейін (немесе растау мерзімі өткен соң) 1 жұмыс күні ішінде
тапсырыс беруші электронды цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойылған ,шарттың жобасын өнім берушіге жібереді.

 4-қадам: Өнім беруші шартқа қол қояды

Өнім беруші  белгіленген мерзімде веб-портал арқылы өзінің ЭЦҚ-сымен шартқа қол қояды.

 Толық жауап:

 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының

  1. Тапсырыс беруші конкурс, аукцион тәсілдерімен мемлекеттік сатып алулардың қорытындысы туралы хаттамаға шағым беру мерзімі өткен күннен бастап не баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы жеңімпазға шартты ресімдеу үшін шартқа қол қоятын тұлға және өнім берушінің деректемелері туралы мәліметтерді сұратуды жібереді.
  2. Әлеуетті өнім беруші веб-порталда тиісті сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шартқа қол қоятын тұлға туралы мәліметтерді және өнім берушінің деректемелерін толтырады және растайды. Әлеуетті өнім берушінің шартқа қол қоятын тұлға және оның деректемелері туралы мәліметтерді растауы болмаған жағдайда, тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушінің веб-порталда орналастырылған тіркеу деректеріне сәйкес шартқа қол қояды.
  3. Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушінің осы Қағидалардың 528-тармағына сәйкес мәліметтерді растау мерзімі өткен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын қалыптастырады және әлеуетті өнім берушіге қол қою үшін жібереді.
  4. Өнім беруші осы Қағидаларда белгіленген мерзімдерде веб-портал арқылы Шартқа электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.

Сілтеме: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000106