Жиі қойылатын сұрақтар
Қысқа жауап:
1-қадам.
Автомобиль жолдарын орташа жөндеу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы бойынша біліктілік талабы белгіленеді.
2-қадам.
Қажет болған жағдайда әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесіне қатысты біліктілік талабы конкурстық құжаттамада белгіленеді.
3-қадам.
Бұл талап мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген соманың мөлшеріне байланысты айқындалады.
4-қадам.
Егер конкурс (лот) тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 25 000 еселенген мөлшерінен асса, әлеуетті өнім берушінің кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі болуы талап етіледі.
5-қадам.
Егер бөлінген сома айлық есептік көрсеткіштің 50 000 еселенген мөлшерінен асса, кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі талап етіледі.
6-қадам.
Егер бөлінген сома айлық есептік көрсеткіштің 100 000 еселенген мөлшерінен асса, кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі талап етіледі.
7-қадам.
Егер бөлінген сома айлық есептік көрсеткіштің 150 000 еселенген мөлшерінен асса, кемінде 4 жыл жұмыс тәжірибесі талап етіледі.
8-қадам.
Егер бөлінген сома айлық есептік көрсеткіштің 200 000 еселенген мөлшерінен асса, әлеуетті өнім берушінің кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы талап етіледі.
Толық жауап:
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасының» (бұдан әрі-Қағида) 80-тармағына сәйкес Сатып алынатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер нарығында әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде, оның ішінде ұқсас (ұқсас) түрлер, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілік талаптары осы Қағидаларда белгіленген талаптарды ескере отырып, конкурстық құжаттамада белгіленуі мүмкін.
Қағиданың 81-тармағында «Егер Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес бірінші немесе екінші санаттағы тиісті рұқсаттың болуы талап етілетін жұмыстар және (немесе) көрсетілетін қызметтер мемлекеттік сатып алу нысанасы болып табылған жағдайда, жұмыс тәжірибесінің болуы бойынша біліктілік талабы қойылмайды» делінген.
Қағиданың 82-тармағына сәйкес жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде біліктілік талабы тауарларды мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қойылмайды.
Сонымен қатар Қағиданың 83-тармағында әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде біліктілік талабы автомобиль жолдарын орташа жөндеу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде белгіленетіндігі көрсетіледі.
Осы Қағиданың 84-тармағында қағиданың 83-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде біліктілік талабы қажет болған жағдайда конкурстық құжаттамада мынадай өлшемшарттарға сәйкес белгіленеді:
1) егер конкурс (лот) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес мың еселенген мөлшерінен асатын болса, бір жылды;
2) егер конкурс (лот) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу мың еселенген мөлшерінен асатын болса, екі жылды;
3) егер конкурс (лот) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз мың еселенген мөлшерінен асып кетсе, үш жылды;
4) егер конкурс (лот) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз елу мың еселенген мөлшерінен асып кетсе, төрт жылды;
5) егер конкурс (лот) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі жүз мың еселенген мөлшерінен асатын болса, бес жылды құрайды.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000106
Қысқа жауап:
1-қадам
Мемлекеттік сатып алу конкурсы өтпеді деп танылады:
- Конкурсқа қатынасуға өтінімдер түспесе .
- Егер конкурсқа бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмесе.
- Конкурсқа қатысуға екі немесе одан көп өтінім берілгенімен, тек бір ғана өнім беруші жіберілсе.
2-қадам
Егер конкурс өтпеді деп танылса, тапсырыс беруші екі шешімнің бірін қабылдайды:
- Мемлекеттік сатып алу конкурсын қайта өткізу.
- Конкурстық құжаттаманы өзгертіп, қайта конкурс өткізу.
3-қадам
Егер конкурс өтінімдер болмағандықтан өтпеді деп танылса онда тапсырыс беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізуге құқылы.
Толық жауап:
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының 15-бабының 1-тармағына және «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» 277-тармағына сәйкес конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай негіздердің бірі бойынша:
1) конкурсқа, аукционға қатысуға ұсынылған өтінімдер болмаса;
2) егер конкурсқа, аукционға қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмесе;
3) конкурсқа, аукционға қатысуға әлеуетті өнім берушілердің екі және одан көп өтінімі ұсынылған жағдайда, егер конкурсқа, аукционға қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілсе, өткізілмеді деп танылады.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының 15-бабының 3,4-тармақтарына сәйкес егер конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылса, тапсырыс беруші мынадай:
1) конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы;
2) конкурстық құжаттаманы, аукциондық құжаттаманы өзгерту және конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Конкурс, аукцион тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының 15-бабы 1-тармағы 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша өткізілмеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту жіберілетін әлеуетті өнім берушіні тапсырыс беруші айқындайды және ол біліктілік талаптарына, сондай-ақ конкурстық құжаттама, аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келуге тиіс. Жасалған шарттың бағасы осы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан аспауға тиіс.
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» 279-тармағына егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылса, тапсырыс беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы.
2) конкурстық құжаттаманы өзгерту туралы және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы.
Конкурс тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алу конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауына байланысты өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші Заңның 15-бабының 4-тармағына сәйкес бұндай мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырады.
Қысқа жауап:
1.Иә, бере алады. Әлеуетті өнім берушілер конкурс құжаттамасының жобасын алдын ала талқылауға қатыса алады.
2.Ескертулер мен сұрақтар веб-портал арқылы хабарландыру жарияланған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жіберу керек.
3.Тапсырыс берушіге,ұйымдастырушыға жолданады.
4.Өнім беруші екі жұмыс ішінде мынандай шешімдердің бірін таңдайды:
- Құжатқа өзгеріс енгізеді.
- Ескертуді қабылдамайды(себебін түсіндіреді)
- Құжатқа түсіндірме береді.
Толық жауап:
ҚР «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту» туралы 8-тарауының 169-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, конкурстық құжаттаманы бекітудің міндетті талабы әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылауы болып табылады.
ҚР «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту» туралы 8-тарауының 170-тармағына сәйкес Конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулерді, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды әлеуетті өнім берушілер веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушіге, ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға жіберуі мүмкін.
ҚР «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту» туралы 8-тарауының 172-тармағына сәйкес Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы ескертулер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болған кезде конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мынадай шешімдерді қабылдайды:
1) конкурстық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
2) конкурстық құжаттаманың жобасына ескертпелерді қабылдамай, оларды қабылдамау негіздемелері мен себептерін көрсетеді;
3) конкурстық құжаттаманың ережелеріне түсінік береді.
Сілтеме: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035238
Қысқа жауап:
1.Иә, бере алады. Әлеуетті өнім берушілер конкурс құжаттамасының жобасын алдын ала талқылауға қатыса алады.
2.Ескертулер мен сұрақтар веб-портал арқылы хабарландыру жарияланған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жіберу керек.
3.Тапсырыс берушіге,ұйымдастырушыға жолданады.
4.Өнім беруші екі жұмыс ішінде мынандай шешімдердің бірін таңдайды:
- Құжатқа өзгеріс енгізеді.
- Ескертуді қабылдамайды(себебін түсіндіреді)
- Құжатқа түсіндірме береді.
Толық жауап:
ҚР «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту» туралы 8-тарауының 169-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, конкурстық құжаттаманы бекітудің міндетті талабы әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылауы болып табылады.
ҚР «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту» туралы 8-тарауының 170-тармағына сәйкес Конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулерді, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды әлеуетті өнім берушілер веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушіге, ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға жіберуі мүмкін.
ҚР «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту» туралы 8-тарауының 172-тармағына сәйкес Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы ескертулер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болған кезде конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мынадай шешімдерді қабылдайды:
1) конкурстық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
2) конкурстық құжаттаманың жобасына ескертпелерді қабылдамай, оларды қабылдамау негіздемелері мен себептерін көрсетеді;
3) конкурстық құжаттаманың ережелеріне түсінік береді.
Қысқа жауап:
Өтінімді қамтамасыз ету жеңімпаздың келісім шартты орындауына кепілдік береді.
Мемлекеттік сатып алудың сомасы тауарларды,жұмыстарды көрсетілетін жұмыстарды сатып алу үшін бөлінген соманы 1-3% мөлшерін құрайды.
Конкурсқа,аукционға баға ұсыныстарын сұратуға қатысу үшін өтінімнің қамтамасыз ету үшін мынадай түрлерінің бірін таңдайды:
1.Электрондық әмияндағы ақша
2.Банктік кепілдік.
Толық жауап:
ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 10 –бабы 9- тармағына сәйкес осы Заңының 1-тармағының 1),2),3) және 5) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайыздан үш пайызға дейінгі мөлшерінде енгізіледі.
ҚР «Мемлекеттік сатып алу қағидаларына» сәйкес әлеуетті өнім беруші конкурсқа, аукционға, баға ұсыныстарын сұратуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдайды:
1) әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;
2) электрондық құжат нысанында ұсынылатын банк кепілдігі.
Қысқа жауап:
1.Мемлекеттік сатып алудың қорытындысы goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталында жарияланады.
2.Хаттама жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде:
а) сіздің құқықтарыңыз бұзылса;
ә) заңды мүдделеріңізге зиян келсе;
б)комиссияның шешімімен келіспесеңіз;
в)ұйымдастырушы немесе тапсырыс беруші заңсыз әрекет жасады деп
есептесеңіз,goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталында шағым жасай аласыз.
Толық жауап:ҚазақстанРеспубликасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 25-бабы 1-тармағына сәйкес әлеуетті өнім беруші конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, егер тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, сараптамалық комиссияның (сарапшының) әрекеттері (әрекетсіздігі) не шешімдері әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, олардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне веб-портал арқылы шағым жасауға құқылы.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 589-тармағына сәйкес тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, сараптамалық комиссияның (сарапшының) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне қатысты шағым мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы тиісті хаттаманы қабылдаған тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының атына веб-портал арқылыберіледі.
Ия,қосылғанқұнсалығынтөлеушіболыптабылмайтынәлеуеттіөнімберушімемлекеттіксатыпалуконкурсынақатысаалады.
2.Қосылғанқұнсалығынтөлеуші болуы міндетті емес.
3.Ол үшін конкурсқа қатысушы өз баға ұсынысы мен конкурста талап етілетін материалдық және еңбек ресурстарын растайтын құжаттарды ұсынады.
4.Өтінім барлық қатысушылармен бірдей қаралады.
5.Конкурсқа қатысуға өтінім 3 жұмыс күннің ішінде конкурстық комиссиямен қаралады.
6.Ұсынылған құжаттар талапқа сәйкес келмесе, комисия шешімімен өтініміңіз конкурсқа жіберілмейді.
6.Конкурстық комиссияның қорытынды шешімімен хаттама рәсімделеді.
Толық жауап:
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының 5-бабының 1-тармағының 2-пунктіне сәйкес, мемлекеттіксатыпосы заңда көзделгеннен басқа жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру негізделген. Бұл қағида бойынша барлық әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне тең дәрежеде қатысу мүмкіндігі беріледі, яғни ешбір өнім беруші артықшылыққа ие болмайды және ешкім заңсыз шеттетілмейді.Заңда әлеуетті өнім берушілерді ҚҚС төлеушілер және ҚҚС төлемеушілерге бөлу қарастырылмаған. Бұл дегеніміз, өнім беруші қосылған құн салығы төлеуші болмаған жағдайда да конкурстық рәсімге қатыса алады.
Егер ұйымдастырушы өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы заңды бұзғанын немесе құжаттарда жалған мәлімет бергенін анықтаса, ұйымдастырушы өнім берушіні мемлекеттік сатып алуларға қатысуға жібермейді.
2.Ұйымдастырушы заң бұзушылық анықталған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей, өнім берушіні жосықсыз қатысушы деп тануүшін сотқа талап арыз береді.
Толық жауап:
Егер ұйымдастырушы өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы заңды бұзғанын немесе құжаттарда жалған мәлімет бергенін анықтаса, ұйымдастырушы өнім берушіні мемлекеттік сатып алуларға қатысуға жібермейді яғни, ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабы, 4-тармағына сәйкес, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы, тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өздеріне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, мұндай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге міндетті.
Қысқа жауап:
Электрондық дүкен – интернет арқылы тауарларды (кейде қызметтерді) қашықтан сатып алуға және сатуға арналған онлайн сауда алаңы.
Онлайн платформа
Электрондық дүкен веб-сайт немесе мобильді қосымша түрінде жұмыс істейді.
1)Электрондық сауда алаңында талаптарға сәйкес келетін тауарлардың бір немесе одан да көп моделін таңдайды, және тауарларды сатып алуға тапсырыс рәсімдейді. Рәсімделген тапсырысқа электрондық-цифрлық қолтаңбасы қойылады.
2)Электрондық сауда алаңы тапсырысты электронды дүкенге жібереді;
3)Электрондық дүкен ағымдағы баға ұсыныстарын ұсыну үшін барлық электрондық сауда алаңдарына тапсырыс туралы хабарлайды.
4)Электрондық сауда алаңдары электрондық дүкен хабарлама жіберген сәттен бастап он бес минут ішінде тапсырыс беруші таңдаған тауар үлгілері бойынша өнім берушілер және олардың өзекті бағалары туралы ақпаратты қалыптастырады және оларды электрондық дүкенге жібересіз.
5)Электрондық дүкен осы қорытындылар туралы алдын ала хаттамасын қалыптастырады.
Қорытындылардың алдын ала хаттамасын қалыптастырғаннан кейін электрондық сауда алаңдарының тапсырыс бойынша ақпарат беруіне жол берілмейді.
6)Электрондық дүкен әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын автоматты түрде салыстырады және тапсырысты тауардың бағасы межелі жерге дейін жеткізу құнын ескере отырып, тауардың бағасы ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім берушіге электрондық сауда алаңы арқылы жібереді.
7)Тапсырыс алған әлеуетті өнім беруші электрондық сауда арқылы электрондық дүкенге жолданатын тапсырысты растау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.
8)Әлеуетті өнім беруші тапсырысты растаған жағдайда электрондық дүкен нысан бойынша қорытындылар хаттамасын қалыптастырады, ол веб-порталда жарияланады.
9)Жеңімпаз шарт жасасады.
Толық жауап:
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 3-бабының, 35-тармағында электрондық дүкен – бірыңғай оператор уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын талаптарға сәйкес келетін электрондық сауда алаңдарында орналасқан деректерді агрегациялауды қамтамасыз ететін веб-порталдың кіші жүйесі деп айқындалған.
Осы Заңының 10-бабы,5-тарауына сәйкес электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспайтын біртекті тауарларға өткізіледі.
Электрондық дүкен арқылы тәсілді қолдану мақсатында біртекті тауарларды мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемін қаржы жылы ішінде біреуінің мөлшері осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделгеннен аз болатын бөліктерге бөлшектеуге жол берілмейді.
15-бабы, 10- тармағында мемлекеттік сатып алуды электрондық дүкен арқылы жүзеге асыру кезінде, егер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған уақыт ішінде тапсырысты әлеуетті өнім берушілердің бірде-бірі растамаса, электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылады.
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары мынадай мәліметтерді қамтиды:1) мемлекеттік сатып
алудың сәйкестендіру коды; 2) қосылған
құн салығын есепке алмағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда,
анықтамалыққа сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы; 3)мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдері; 4) тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері мен орны; 5) Заңның 43-бабында көзделген жағдайларда, әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген сомалар шегінде кестеге және жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің
жоспарланған мерзімдері.
Мемлекеттiк сатып алу туралы» ҚРЗ 2-б. 19)-тт. сәйкес, мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері болып: әлеуетті өнім беруші, өнім беруші, тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор, уәкілетті орган, сарапшы табылады