Бөлеков Нұрболат Бағытжанұлы
Басқарма басшысының орынбасары
Жалпы ақпарат, білімі
Бөлеков Нұрболат Бағытжанұлы 1988 жылы Атырау облысында дүниеге келген.
2010 жылы Атырау мұнай-газ институтын «Мұнай және газ ісі» мамандығы бойынша, 2018 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Мансап
Еңбек жолын 2011 жылы «Жігермұнайгазсервис» ЖШС-де жұмысшы болып бастаған. Кейін мұнай-газ саласында инженер, жабдықтаушы менеджер және басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2022 жылы бастаған.
2022–2023 жылдары Атырау қалалық құрылыс бөлімінде бас маман;
2023–2024 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Тұрғын үй құрылысы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын экономикалық талдау басқармасында сарапшы;
2024–2025 жылдары «Атырау қалалық құрылыс бөлімі» ММ басшысының орынбасары;
2025–2026 жылдары «Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы қызметтерін атқарған.