Орнықты қаржыландыру

                      Орнықты қаржыландыру

Бизнестің ESG қағидаттарымен орнықты дамуы әлемдік және қаржылық қоғамдастықтың күн тәртібіндегі басты үрдістердің бірі болып табылады. ESG қағидаттарын енгізу Климат жөніндегі Париж келісімінің шеңберінде елдердің міндеттемелерін іске асыруын жәрдемдесуге және БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған. 

Қаржы секторы ESG қағидаттарын енгізуде маңызды рөл атқарады, себебі «жасыл» экономиканы қаржыландыруды қамтамасыз етеді және орнықты бизнес-модельдерді қамтамасыз ету үшін ESG тәуекелдерін ескере отырып компаниялардың трансформациялануын ынталандыруға тиіс.

Осыған байланысты қаржы ұйымдарына ESG қағидаттарын енгізу, сондай-ақ «жасыл» қаржыландыру нарығын дамыту мәселелері Агенттіктің басымдыққа ие күн тәртібіне енгізілген.  

Жарияланған күні

28 шілде 2021

Жаңарту күні

14 наурыз 2026

Жарияланымның авторы