Өзге қаржы ұйымдарының пруденциялық нормативтері

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңының 41-бабсына сәйкес ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары міндетті түрде сақтауға келесі пруденциалдық нормативтер орнатылған:

меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті;

инвестициялау лимиттері.

 

«Пошта туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 498-V Заңының 23-бабына сәйкес Ұлттық пошта операторы міндетті түрде сақтауға келесі пруденциалдық нормативтер орнатылған:

жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері;

меншікті қаражаттың жеткіліктілігі коэффициенті;

өтімділік коэффициенті.

 

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдары:

жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері.

Жарияланған күні

30 қыркүйек 2020

Жаңарту күні

15 наурыз 2026