Қабылдау кестесі


Құрметті азаматтар!


    Қазақстан Республикасының тиісті облыстарының, республикалық мәні бар қалаларының, астанасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің қаулыларына сәйкес және COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Төрағасының, Төрағасы орынбасарларының және Адам капиталын дамыту департаменті директорының коронавирус инфекциясының таралу тәуекелін азайту жөніндегі карантиндік іс-шаралар шеңберінде 2022 жылғы 3 тоқсанда жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдаудың уақытша тоқтатыла тұрғанын хабарлаймыз.
    Эпидемиологиялық жағдай жақсарған жағдайда Агенттік басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауы қайта басталады.
    Сонымен қатар барлық өтініш берушілер үшін Агенттікке:

  • «e-gov» портал арқылы;
  • eOtinish портал арқылы;
  • пошта компанияларының қызметтері арқылы поштамен;
  • Алматы қ., Көктем-3, 21-үй мекенжайы бойынша қолма-қол әкеп беру арқылы өтініштер беру мүмкіндігінің сақталғанын хабарлаймыз.
Жарияланған күні

13 шілде 2021

Жаңарту күні

03 шілде 2025