ESG-қаржыландыру тақырыбына арналған панельдік талқылау

Қазақстан қаржыгерлерінің X конгресі аясында «ESG – қаржы нарығын дамытудың жаңа парадигмасы» атты халықаралық конференция өтті. Талқылау барысында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Төрағасының орынбасары Мария Хаджиева қаржы реттеушісі қаржы нарығын «жасыл» күн тәртібін іске асыруға тарта алатын тетіктер мен құралдар туралы айтып берді.

«Қаржы нарығына төмен көміртекті экономикалық дамуға көшуді қаржыландыру бойынша айрықша рөл берілген. Агенттік 2021 жылдан бастап ESG-күн тәртібі бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді, оның аясындадамудың үш негізгі бағытыайқындалды», - деп атап өтті Мария Хаджиева.

Бірінші бағыт – ESG-қаржыландыру шеңберіндегіжалпы саясатты айқындау.Ұлттық экономика министрлігінің бағалауы бойынша, 2021-2030 жылдарға арналған көміртекті бейтараптық сценарийіне қол жеткізу үшін228,8 млрдАҚШ доллары, ұзақ мерзімді кезеңде (2031-2060 жылдар)647,5млрдАҚШ доллары көлемінде инвестиция талап етіледі. Мұның негізгі көзі қажетті қаржы құралдарын шығаратын қаржы секторы болуға тиіс.

Екінші бағыт – ESG-қаржыландыруды дамыту үшін тиістіреттеубазасынқұру. Бір жыл бұрын Экологиялық кодекс қабылданды, оны іске асыру үшін Таксономия әзірленді, онда алғаш рет жалпы сомасы131 млрдтеңгегежасыл қаржы құралдары пайда болды. Сондай-ақ бірқатар нормативтік құжаттар қабылданды – заңнамалық актілер деңгейінде ESG-құралдар ұғымы айқындалды. Атап айтқанда, «жасыл» облигацияларды ғана емес, сонымен қатарорнықты даму облигацияларын, әлеуметтік облигацияларды қамтитын ESG-облигациялары. Халықаралық ұйымдармен (IFC, ЕҚДБ, АДБ, Дүниежүзілік Банк, ХВҚ және БҰҰ) ынтымақтастық шеңберінде АгенттікESG: қоршаған ортаға және климатқа әсер ету, қаржылық инклюзия және басқаларөлшемшарттары бойынша ақпаратты жария ету жөніндегі нұсқаудыдайындады. Бұл құжат шеңберінде сонымен қатар қаржы ұйымдары ESG-факторларын тиісінше  басшылыққа алу мен басқаруды қамтамасыз ету үшін пайдаланатынқұрылым мен процестерді жария етудіұсынады. Жеке блоккорпоративтік басқару мәселелерінқамтиды.

«Бұл нұсқау қазіргі уақытта қаржы қоғамдастығымен белсенді талқылануда және жақын арада қабылданатын болады», - деп атап өтті қаржы реттеушісінің өкілі.

Келесі кезеңде қаржы ұйымдарыESG бойыншаақпаратты есептіліктеерікті түрде ашудан міндеттіге ауысады, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың тәуекелдерді басқарудың ішкі жүйесіне және корпоративтік басқару жүйесіне қойылатын талаптарының сақталуы туралы мәліметтерді жариялайды.

ESG-тәуекелдерін бақылау қаржы ұйымдарының қадағалау жүйесіне енгізілетін болады. Бұл ретте ESG тәуекелдерінің мониторингібанктер бойынша SREP жыл сайынғы қадағалау бағалауы шеңберіндежүзеге асырылатын болады.

«Алдағы уақытта Агенттік 2024 жылы қадағалап стресс-тестілеу шеңберінде банктер үшінESG-тәуекелдерді стресс-тестілеудіөткізуді жоспарлап отыр. Стресс-тесттердің әдіснамасы мен сценарийлері 2023 жылы әзірленетін болады"» - деді ҚНРДА Төрағасының орынбасары.

Үшінші бағыт– нарық қатысушыларының ESG құралдарын белсенді пайдалануын ынталандыру.

«Қазақстандық эмитенттердің «жасыл» облигациялар шығаруын ынталандыру үшін «жасыл» облигациялар бойыншасыйақыны субсидиялау мүмкіндігінберу бөлігінде Кәсіпкерлік кодекске түзетулер енгізілді», - деп атап өтті қаржы реттеушісінің өкілі.

Үкімет 2021-2025 жылдарға арналған жасыл облигациялар бойынша кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінсубсидиялау, сондай-ақ «Даму» КДҚ тарапынан негізгі борыштың50%-ымөлшеріндекепілдіктер алумүмкіндігін көздеді.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089,press@finreg.kz

Жарияланған күні

16 қараша 2022

Жаңарту күні

16 қараша 2022