Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 28 ақпандағы № 148 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының
6-3-бабына, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы
29 қарашадағы № 790 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 99 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 28 ақпандағы № 148 бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) мынадай өзгеріс енгізілсін:
бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Стратегия және талдау департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің интернет-ресурсына орналастырсын;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға М. Әбілқасымова
23
12 қазан 2021 15:49
12 қазан 2021