Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Байланыс орталығына қоңырау шалу
Егер Сізге анықтамалық сипаттағы ақпарат қажет болса, байланыс орталығының операторына өз сұрағыңызды қоя аласыз. Жалғыз шарт – жауап құпия ақпаратты, оның ішінде жеке немесе банктік құпияға қатысты ақпаратты ашуды қамтымауы тиіс. ҚНРДА мұндай ақпаратты ешқашан сұрамайды. Қаржылық алаяқтардан сақ болыңыз!
+7 727 237 1000
1459
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруКоллекторлық агенттікте шоттарды «бұғаттау» құқығы жоқ. Борышкерлердің банк шоттарына шектеулерді жеке сот орындаушылары атқарушылық іс жүргізу шеңберінде немесе банк егер мұндай шартта көзделген жағдайда, төлем талаптарын ұсыну арқылы ұсынуы мүмкін.
Кредиттік тарихты «Мемлекеттік кредиттік бюродан» (mkb.kz) немесе «Бірінші кредиттік бюрода» (1cb.kz) алуға болады. Жеке куәлігіңізді не заңды тұлғаның құжаттарын көрсету арқылы, сонымен қатар ЭЦҚ көмегімен де қол жетімді.
- Egov.kz порталы. Дербес кредиттік есепті электрондық үкімет порталының «Салықтар мен қаржы» бөлімінен аласыз. Өтінімді интернет арқылы толтырыңыз, электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен қол қойыңыз, нәтижесін «Жеке кабинетте» көре аласыз
- ХҚО-да. Кредиттік есепті бүкіл Қазақстан бойынша ХҚО-ның 80 бөлімшесінен алуға болады. Ол үшін жеке куәлігіңіз қажет
- «Қазпошта». Сіз дербес кредиттік есебіңізді «Қазпоштаның» бүкіл Қазақстан бойынша 1688 бөлімшесінен, жеке куәлігіңізді көрсетіп ала аласыз. Бір жылда бірінші рет өтініш берген кезде «Қазпоштаның» комиссиясын ғана төлеуіңіз қажет
1. Әкелген клиенттер үшін сыйақы
Егер сізге компанияға әкелген әрбір клиент үшін қосымша ақы төлеуге уәде берілсе, бұл ақшаны салмау үшін және барлық таныстарды осындай тәуекелді іс-шарадан бас тартқызу үшін жеткілікті негіз болып табылады.
2. Нарықтық деңгейден бірнеше рет асып түсетін жоғары кірістілікке кепілдік беру
Түрлі «инвесткомпаниялар» кірістілікке кепілдік бере алмайды, бұған заңнамалық тұрғыдан тыйым салынған. Егер біреу кепілдік берсе, ол - алаяқ деген сөз. Басқаша болмайды!
3. Қажетті лицензиялардың болмауы
Компания ақшалай салымдарды халықтан тартады немесе қор нарықтарына инвестициялауды ұсынады, бірақ оның қолында лицензиясы жоқ, бұл ретте онымен байланысу керегінің бар-жоғы жөнінде мықтап ойланыңыз. Мұндай ұйымдар ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бақылауында емес, яғни сіздің құқықтарыңыз бен мүдделеріңізді ешкім қорғай алмайды.
4. Кіру жарнасының болуы: ресімдеуге, оқытуға, акциялар және т.б. үшін
Әдетте, бұл жарна пирамиданы ұйымдастырушылардың негізгі кірісі болып табылады, сондай-ақ қаржы пирамидасына тән айқын белгі.
5. Меншікті негізгі құралдардың, басқа да қымбат активтердің болмауы
Компанияның қолда бар мүлкі мен активтерін нәтиже ойдағыдай болып шықпаған жағдайда сатуға және салынған ақшаны ішінара қайтаруға болады. Ал қаржы пирамидаларында мұндай активтер болмайды.
6. Ұйым қызметінің нақты анықтамасының болмауы
Пирамидаларда салымшылардың өздігінен басқа клиенттері жоқ. Сізге өнім берушілерді, мысалы, басқа бизнес-серіктестерді ешқашан көрсетпейді.
Егер компания кез-келген сылтаумен ақпарат беру, тіпті құжаттармен танысу мүмкіндігінен бас тартса, инвестицияланған ақшаны алу одан да қиын болатыны айдан анық.
7. Төлемдер тек қолма-қол ақшамен қабылданады
Егер компания осылай жасаса, онда бұл ұйымға сенбеуге барлық негіз бар, өйткені ол ақша қозғалысының бақылануынан барынша қашады.
8. «Шартқа» ойланбай қол қоюды ұсынады
Асығыс шешім қабылдамаңыз! Шарттың үлгісін қолға беруді сұрап, онымен үйде асықпай танысып шығыңыз. Егер оның жекелеген ережелері қиындық тудырса, маманмен кеңесуге тырысыңыз. Берілген ақшаның орнына Сізде қандай құжат қалатынын қараңыз. Оның заңды күші бар ма?
Қаржы пирамидасын қалай тануға болатындығы туралы қосымша ақпаратты мына жерден қараңыз
Берешек коллекторлық агенттікте сотқа дейін өндіріп алуда және реттеуде болған кезеңде банктің/ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның мыналарды талап етуге құқығы жоқ
- берешек коллекторлық агенттікте жұмыста болған кезеңде қарызды берумен және оған қызмет көрсетумен байланысты сыйақыны, комиссияларды және өзге де төлемдерді төлеуді
- негізгі борышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін көрсетілген кезеңге тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есептеуге
Банктер мен басқа да қаржы институттары төлемдердің қауіпсіз әрі ашық болуына мүдделі екенін атап өткен жөн. Өйткені, алаяқтықпен және басқа да заңсыз әрекеттермен байланысты шығындар тікелей банктер мен қаржы ұйымдарында туындайды.
Сондықтан қаржы нарығының барлық субъектілері өздерінің ақпараттық жүйелерінің, интернет-ресурстарының және мобильді қосымшаларының қорғаныш тетіктерін, оның ішінде идентификаттау мен аутентификаттауды жетілдіріп отырады.
Visa, Master CARD және қолданылатын басқа да халықаралық төлем жүйелерінің қауіпсіздігі жөніндегі ұсынымдарды сақтайды.
Биометриялық идентификаттаудың заманауи әдістерін қолданады.