ҚР МСМ, Мәдениет комитеті, Жиынтық-талдау басқармасы басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (№15-12-02)
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті
Астана қаласы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Мәдениеттану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау жұмыстарына қатысу; мәдениет саласына қатысты мемлекеттік және салалық бағдарламаларын дайындау жұмыстарына және жүзеге асыруға қатысу; Басқарманың құзыреті шеңберінде Министрліктің стратегиялық даму жоспарын және операциялық жоспарын әзірлеуге қатысу; Министрліктің мәдениет саласын дамыту бөлігінде операциялық жоспарының дамуы мен іске асырылуына мониторинг жүргізеді және оларды іске асыру барысы туралы ақпараттық-талдамалық материалдар дайындау; мемлекеттік органдардан, ұйымдардан аналитикалық есептерін қабылдау, өңдеу, талдау жүргізу және қорытынды анықтамалық-талдамалық материалдар әзірлеу; мүдделі мемлекеттік органдардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттары шеңберінде салааралық өзара іс-қимыл шаралары жөніндегі жоспарлардың жобаларын келісуді жүзеге асыру; Министрліктің интернет-ресурстарын толықтыруға материалдар ұсыну; Басқарманың жұмыс жоспары жобасын қалыптастыруға және Басқарманың есептік жылдың жұмысын қорытындылауға қатысу; мәдениет саласын дамытудың жай-күйіне талдау жүргізу, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру шеңберінде кемшіліктерді жою жөнінде Комитет төрағасына ұсыныстар енгізу; Министрлік алқасының отырыстарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына және Комитеттің құзыретіне кіретін іс-шараларға есептер, талдамалық материалдар мен анықтамалар дайындау жөніндегі жұмысты жүзеге асыру; Басқарманың құзыреті шеңберінде мәдениет және өнер саласында халықаралық және отандық ұйымдармен байланысты ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша жұмысты жүзеге асырады; құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасын іске асыру бойынша жұмысты жүзеге асырады; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитеттің және Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, ведомстволармен, мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды; құзыреті шеңберінде есептерді, баяндамаларды, ақпаратты және өзге де материалдарды сапалы дайындау және уақтылы ұсыну үшін жауапты болады; функцияларын өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асырады, қызметтік тәртіпті, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді, қызметтік әдепті сақтауға міндетті; мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, оның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген уақыт ішінде жария етпеуге міндетті; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті сақтайды; дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың оған мәлім болған жағдайлары туралы жоғары тұрған басшының және (немесе) Мемлекеттік орган басшылығының назарына немесе уәкілетті мемлекеттік органдарға дереу жеткізеді; өз құзыреті шеңберінде жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіреді; өз құзыреті шегінде Басқарма жетекшілік ететін мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттары мен өтініштерді қарайды, құжаттардың сапалы және уақтылы орындалуына жауап береді; құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік пен Комитет басшылығының тапсырмаларын орындау, олардың баяндамаларына материалдар дайындау; Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген өзге де міндеттерді орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 18.08.2023
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, 15 кіреберіс ( Zoom платформасы арқылы)
-
87172740417