Архив ісі, әкімшілік-құқықтық және қаржылық қамтамасыз ету

Архив ісі, әкімшілік-құқықтық және қаржылық қамтамасыз ету

Бөлім Ақмола облысында архив ісін дамытуды, сондай-ақ Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының құқықтық сүйемелденуі мен қаржылық-әкімшілік қызметін қамтамасыз етеді.
Архив ісі саласында бөлім мемлекеттік архивтердің жұмысын үйлестіреді, Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын, есепке алынуын және пайдаланылуын бақылайды, ақпараттық технологияларды енгізуге және құжаттарды цифрлық форматқа көшіруге ықпал етеді. Сонымен қатар бөлім архив мекемелеріне әдістемелік қолдау көрсетуді ұйымдастырады және архивтік анықтамалар, архив құжаттарының көшірмелері мен архивтік үзінділер беру жөніндегі мемлекеттік қызметтің көрсетілуін үйлестіреді.
Ақмола облысының архивтер желісіне 18 аудандық архив, бір қалалық архив және бір облыстық архив кіреді.
Әкімшілік-құқықтық және қаржылық қамтамасыз ету шеңберінде бөлім құжаттарға құқықтық сараптама жүргізеді, Басқарма қызметінде заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді, бухгалтерлік есепті жүргізеді және қаржылық есептілікті дайындайды, сондай-ақ бюджет қаражатының нысаналы әрі тиімді пайдаланылуын бақылайды.

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Оқиғалар күнтізбесі

Барлық оқиға

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы No 159 бұйрығымен бекітілген Мұрағат ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес «Мұрағаттық анықтамаларды, көшірмелерді беру , мұрағаттық құжаттар немесе мұрағат үзінділері» Ақмола облысының мемлекеттік мұрағатымен жүзеге асырылады.

 

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мыналар арқылы жүзеге асырылады:

 

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі (мемлекеттік мұрағат);

 

2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалы – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

 

3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы.