АРШАЛЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫНЫҢ ЖОБАСЫ

Аршалы ауданы әкімдігінің қаулысының жобасы

 

 

«Аршалы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы»

 

 

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аршалы ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

Аршалы ауданы әкімдігінің «Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы» 2016 жылғы 6 маусымдағы № А-275 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5436 болып тіркелген);

Аршалы ауданы әкімдігінің «Аршалы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 06 маусымдағы № А-275 «Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2022 жылғы 6 қаңтардағы № А-02 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26499 болып тіркелген).

  1. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аршалы ауданының әкімі

 

                     Д. Есжанов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жарияланған күні

12 ақпан 2025 16:07

Жаңарту күні

12 ақпан 2025