Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Алтай ауданында барлығы 2104 баланы (1 жастан 6 жасқа дейін) қамтитын 31 мектепке дейінгі мекеме (балабақшалар, шағын орталықтар) жұмыс істейді. Оның ішінде:
- 6 мемлекеттік балабақша (1044 баланы қамтиды);
- 3 жеке балабақша (456 баланы қамтиды) («Берик К» ЖШС, «Марат-Сұлтан» ЖШС, «Алтын кілт»);
- 1 балабақша сенімгерлік басқаруда (292 баланы қамтиды) (Ладушки балабақшасы);
- 20 шағын орталық (312 баланы қамтиды), оның ішінде:ü 15 толық күнді шағын орталықтар;
- 1 жеке шағын орталық (Быково ауылында «Лесовичек»– 11 орынға).
Балабақшадағы орындарды бөлу тәртібінің ашықтығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап «Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік қызметін автоматтандыру енгізілді.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі мекемелерге 0 мен 3 жас аралығындағы 198 бала кезекте тұр. Халықты бос жұмыс орындарының бар екендігі туралы ақпараттандыру vko.ddo.kz порталының техникалық қолдауымен, интернет-ресурстарда ақпаратты орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 29 қараша 2021МақалаларМектепке дейінгі тәрбие мен оқыту


